Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения Аккольского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения Аккольского района
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-12/296
- Қабылданған күні
- 29.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2013 57873_197287.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BC000149
- ЭКБ идентификаторы
- 57873
- Редакция идентификаторы
- 57873_197287
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:22
0 Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1 1) ұзақ мерзім жұмыс істемейтін тұлғалар (12 айдан артық);
2 2) 29 жасқа дейінгі жастар;
3 3) бірде – бір жұмысшысы жоқ отбасылар;
4 4) маусымдық жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан тұлғалар.
2 2. «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, қосымша нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
4
4. Ақкөл ауданы әкімдігінің «Ақкөл ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбелерін белгілеу туралы» 2010 жылғы 31 наурыздағы № А - 3/81 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-3-135 тіркелген, аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде 2010 жылғы 16 сәуірде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.