Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования деятельности банков второго уровня

Қаулы · № 8 · қабылданған 31.01.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57910/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования деятельности банков второго уровня Күшін жойған Қаулы ·№ 8 ·31.01.2011
26.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования деятельности банков второго уровня

Күшін жойған Қаулы ·№ 8 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования деятельности банков второго уровня
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8
Қабылданған күні
31.01.2011
Көрсетілген редакция
26.12.2016 AI57910_13.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006795
ЭКБ идентификаторы
57910
Редакция идентификаторы
AI57910_13
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:14

0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.

4 4. Екінші деңгейдегі банктерге 2011 жылғы 1 шілдеге дейін өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының қосымшасының 2-тармағының отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келтірсін.

5 5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесе отырып, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" және "Атамекен" Одағы" Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жіберсін.

6 6. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовқа жүктелсін.

1 Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы на­ры­ғын және
қар­жы ұй­ым­да­рын рет­теу
мен қа­да­ға­лау агент­ті­гі
Бас­қар­ма­сы­ның
2011 жы­л­ғы 31 қаң­тар­да­ғы
№ 8 қа­улы­сы­ның
1-қо­сым­ша­сы
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 29 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

3 3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2012.03.26 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4

4. Агенттік Басқармасының "Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 4158 тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:
12-тармақтың үшінші абзацында "және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерту енгізу туралы" деген сөздер алып тасталсын.

5 5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6 6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7 7. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

8 8. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы на­ры­ғын және
қар­жы ұй­ым­да­рын рет­теу
мен қа­да­ға­лау агент­ті­гі
Бас­қар­ма­сы­ның
2011 жы­л­ғы 31 қаң­тар­да­ғы
№ 8 қа­улы­сы­ның
2-қо­сым­ша­сы
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

1

1. Агенттік Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3571 тіркелген).

2

2. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 318 қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3861 тіркелген).

3

3. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жөніндегі оқу орталықтарының қызметін реттеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 323 қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3846 тіркелген).

4

4. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3925 тіркелген).

Қолданыстағы