Об установлении размера арендной платы, взимаемой в государственных арендных домах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера арендной платы, взимаемой в государственных арендных домах
- Атауы (қаз.)
- Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлерге төленетін жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 01.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2011 57923_196172.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BN000158
- ЭКБ идентификаторы
- 57923
- Редакция идентификаторы
- 57923_196172
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:01
0 Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлерге төленетін жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік жалға алынған үйлерде өндіріліп алынған жалдау ақысы төлемін есептеу әдістемесінің негізінде, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Зеренді ауданының жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлердегі
төленетін жалдау ақы мөлшерінің көлемі 1 шаршы метрге жалға алу төлемінің есебінен қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
М.С.Кұлманбетовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Зеренді ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 89 қаулысына қосымша
Мемлекеттік жалға алынған тұрғын үйлердегі 1 шаршы метрге
өндіріліп алынатын жалдау ақысының мөлшері
Мемлекеттік жалға алынған үйлерге алынатын жалдау ақысын есептеу кезінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
А-мемлекеттік жалға алу үйлері үшін алынатын жалдау төлемі, айына 1 шаршы метр үшін, теңге;
Ц-тұрғын үйдің жалпы көлемінің мемлекеттік қабылдау актісіне сәйкес құрылыстың (сатып алудың) құны;
Т-ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
Р-пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесін күтуіне Р=ГЗ/12/Sп формуласы бойынша анықталатын қажетті көлемнің сомасы, айына 1 шаршы метр үшін теңге;
Гз жер теліміне жергілікті атқарушы органмен (мемлекеттік кәсіпорынмен) тартылған немесе құрылған тұрғын үй-пайдалану қызметінің шығынының жылдық сметасы, пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесінің күтіміне қажетті көлемінің жылдық сомасы, жылына теңге;
Sп-тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы, шаршы метр.
Мемлекеттік жалға алу үйлерінде алынатын айына 1 шаршы метрге жалдау ақысы келесі формула бойынша есептеледі: А= Ц/Т/12+Р.
Мысалы, Ц-65000 теңге, Т-125 жыл, Р-10 теңге болған кезінде жалдау ақы айына 1 шаршы метрге А= 65000/125/12+10=53,3 теңге құрайды.
Жалпы көлемі 40 шаршы метр 1 пәтердің жалдау ақысының төлемі айына 53,3 Ч 40=2132 теңгені құрайды.