Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 271 · қабылданған 24.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57935/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 271 ·24.03.2011
13.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 271 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
271
Қабылданған күні
24.03.2011
Көрсетілген редакция
13.08.2021 57935_535091.kaz
Соңғы өзгеріс
13.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000271
ЭКБ идентификаторы
57935
Редакция идентификаторы
57935_535091
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:49

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 271 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 48-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентінде:
бүкіл мәтін бойынша:
«жеткізушіде (дайындаушыда, сатушыда)», «жеткізушінің (дайындаушының, сатушының)», «жеткізуші (дайындаушы, сатушы)» деген сөздер тиісінше «дайындаушыда (орындаушыда)», «дайындаушының (орындаушының)», «дайындаушы (орындаушы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«түзеу іс-шараларын», «түзеу іс-шаралары» деген сөздер тиісінше «түзеу әрекеттерін», «түзеу әрекеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«дайындаушы, сатушы» деген сөз «дайындаушы (орындаушы)» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тарауда:
1-тармақтағы «(бұдан әрі нормативтік құжаттар)» деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақта:
«басқа да нормативтік құжаттың» деген сөздер «басқа да нормативтік құжаттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«сынақтарды» деген сөз «сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өнімнің сәйкестендірілуін жүргізуге, оның ішінде жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттамаға сәйкестігін, шыққан жерін, осы партияға жататындығын, сондай-ақ өнімнің техникалық регламентке және нормативтік құжатқа, тауарға ілеспе құжатқа, жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа), ерекшелікке, затбелгіне, заттаңбаға және өнімді сипаттайтын басқа құжатқа сәйкестікті растау үшін жиынтығында жеткілікті белгілерді, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша сәйкестігін тексеруге. Сәйкестендіру кезінде импорттаушының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарын өнімді таңбалауға қажетті ақпарат бөлігінде сақталуы ескертілуге тиіс;»;
11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сәйкестікті растау схемасын өтініш беруші сәйкестікті растау органымен бірлесіп анықтайды.»;
26-тармақтағы «осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда және зертхана құжаттарында белгіленеді» деген сөздер «зертхана белгілейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өндірістің жай-күйін талдау кезінде мыналар тексеріледі:»;
48-тармақтың екінші бөлігіндегі «көлемі, мазмұны мен жүргізу тәртібі осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді» деген сөздер «көлемін, мазмұны мен жүргізу тәртібін орган белгілейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
85-тармақта:
1) тармақшадағы «басқа да» деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақшадағы «немесе кәсіпорын өндірісінің» деген сөздер алынып тасталсын;
90-тармақтың 2) тармақшасында «89» деген сандар «85» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген Техникалық регламентке 2-қосымшада:
«инспекциялық тексеруге» деген сөздер «инспекциялық бақылаумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Техникалық регламентке 4-қосымшада:
тақырыбындағы «200__ жылғы «____»___________ » деген сөздердің алдынан «20___ж. «____» ________ №______ өтінім бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Техникалық регламентке 6-қосымшада:
«Қызметтерді сертификаттау схемаларын қолдану» деген бөлімнің екінші абзацында «Кәсіпкер-азаматтар» деген сөздер «жеке кәсіпкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 271 қаулысына
қосымша

Қолданыстағы