Об установлении ограничительных мероприятий на территории Трудового сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории Трудового сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Трудовой селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 05/01
- Қабылданған күні
- 01.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2014 57943_215567.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KO000138
- ЭКБ идентификаторы
- 57943
- Редакция идентификаторы
- 57943_215567
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:01
0 Трудовой селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ірі қара малдың ауруына байланысты (бруцеллез) Трудовой селолық округінің аумағында бруцеллез бойынша шектеулі іс-шаралары белгіленсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 367 "Жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" бұйрығының 7 тармағының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 18 желтоқсанда N 2088 тіркелді) талаптарына сәйкес ірі қара мал иелері шектеулі іс- шараларын орындау бойынша шаралар қабылдасын.
3
3. Осакаров ауданының Ауыл шаруашылық және ветеринария бөліміне жануарлардың (бруцеллез) жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу және анықталған эпизоотикалық ошақтың ветеринария-санитарлық салауаттығына жету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын – алу және күресу жөніндегі ветеринариялық – санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережені бекіту туралы" бұйрығының 9 тарауында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 9 желтоқсанда N 3252 тіркелді) көрсетілген ветеринариялық – санитарлық шараларды өткізуі қажет.
4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Оспанов Ғалым Хамиұлына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын – алу және күресу жөніндегі ветеринариялық – санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережені бекіту туралы" бұйрығының 9 тарауында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 9 желтоқсанда N 3252 тіркелді) көзделген шектеулі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нүркен Сайфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Осакаров
аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
Ғ.Х. Оспанов
2011 жыл 1 наурыз