Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий на территории Дальнего сельского округа

Қаулы · № 05/03 · қабылданған 01.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57945/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий на территории Дальнего сельского округа Күшін жойған Қаулы ·№ 05/03 ·01.03.2011
19.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий на территории Дальнего сельского округа

Күшін жойған Қаулы ·№ 05/03 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий на территории Дальнего сельского округа
Атауы (қаз.)
Дальний селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
05/03
Қабылданған күні
01.03.2011
Көрсетілген редакция
19.12.2014 AI57945_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11KO000140
ЭКБ идентификаторы
57945
Редакция идентификаторы
AI57945_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:01

0 Дальний селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ірі қара малдың ауруына байланысты (бруцеллез) Дальний селолық округінің аумағында бруцеллез бойынша шектеулі іс-шаралары белгіленсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 367 "Жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" бұйрығының 7 тармағының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 18 желтоқсанда N 2088 тіркелді) талаптарына сәйкес ірі қара мал иелері шектеулі іс-шараларын орындау бойынша шаралар қабылдасын.

3

3. Осакаров ауданының Ауыл шаруашылық және ветеринария бөліміне жануарлардың (бруцеллез) жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу және анықталған эпизоотикалық ошақтың ветеринария-санитарлық салауаттығына жету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын – алу және күресу жөніндегі ветеринариялық – санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережені бекіту туралы" бұйрығының 9 тарауында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 9 желтоқсанда N 3252 тіркелді) көрсетілген ветеринариялық – санитарлық шараларды өткізуі қажет.

4

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Оспанов Ғалым Хамиұлына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын – алу және күресу жөніндегі ветеринариялық – санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережені бекіту туралы" бұйрығының 9 тарауында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 9 желтоқсанда N 3252 тіркелді) көзделген шектеулі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нүркен Сайфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Осакаров
аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
Ғ.Х. Оспанов
2011 жыл 1 наурыз

Қолданыстағы