Об утверждении образца паспорта гражданина Республики Казахстан (описание)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении образца паспорта гражданина Республики Казахстан (описание)
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгiсiн /сипаттамасын/ бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 429
- Қабылданған күні
- 21.04.1994
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2008 AI580_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P940000429_
- ЭКБ идентификаторы
- 580
- Редакция идентификаторы
- AI580_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:40
0 Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгiсiн /сипаттамасын/ бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.12.2008 № 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қорғау жүйесiн арттыру және оны толтыруды жетiлдiру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының Қазақстан Республикасы атауының ағылшын нұсқасындағы дұрыс жазылуына өзгерiс енгiзуiне орай Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1 1. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының қоса берiлiп отырған үлгiсi /сипаттамасы/ бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы азаматы паспортының бланкiлерiн оның сипаттамасына сәйкес әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.02.2005 № 140 қаулысымен.
2
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесi туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 256 қаулысының 1 тармағы Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгiсiн /сипаттамасын/ бекiту бөлiгiнде /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 124-бап/ күшiн жойды деп танылсын.
3 Қазақстан Республикасы азаматы ПАСПОРТЫНЫҢ ҮЛГIСI /сипаттамасы/
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 22 сәуiрдегi
N 429 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы азаматы ПАСПОРТЫНЫҢ ҮЛГIСI /сипаттамасы/
1 1. Паспорт кiтапшасының көлемi 88 Х 125 мм, оның iшiнде сутамғы белгiлерi бар арнаулы қағаздан жасалған 16 парақ орналастырылған. Паспорт парақтарындағы жазулар мен сызықтар қара түстi бояумен түсiрiлген.
2 2. Паспорттың мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауының түсiндей көгiлдiр түстi, онда:
а/ қазақ және ағылшын тiлдерiнде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
деген алтын түстi батырма жазу бар;
ә/ ортасында - Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
б/ Елтаңбадан төмен
ПАСПОРТ
PASSPORT
ДЕГЕН БАТЫРМА ЖАЗУ БАР.
Мұқабаның iшкi жағында Қазақстан Республикасы Елтаңбасының түрлi-түстi бейнесi.
3 3. Паспорттың бiрiншi бетiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде:
Паспорт Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады,
ал оның иесi Қазақстан Республикасының қорғауында болады.
Паспорт является собственностью Республики Казахстан, а
его владелец находится под защитой Республика Казахстан.
Passport is the property of Republic of Kazakhstan and its
owner is held under the protection of Republic of Каzакhstаn.
деген жазулар жазылған.
4 4. Екiншi бетiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде:
Мәлiмет/ Сведения / Observations
жазуы жазылған.
5 5. 3-беттен 30-бетке дейiн шет елге шығатын кезде берiлетiн виза мен рұқсат ету белгiлерiне арналған. Беттердiң жоғарғы жағында:
Визалар / Visas
жазуы жазылған.
Тақ санды беттерiнiң төменгi жағының бәрiнде паспорттың нөмiрi бар.
6 6. 31-беттiң төменгi жағында қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде:
Осы паспорт нөмiрленген 32 беттен тұрады
Настоящий паспорт содержит 32 пронумерованные страницы
This passport contains 32 numbered pages
деген жазу бар.
7 7. 32-бетте қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
"Қазақстан Республикасы" "Republic of Kazakhstan" деген
тiгiнен жазылған жазу бар, төменгi жағында солдан оңға қарай:
Паспорт / Раssроrt; тип/tуре;
мемлекет коды/соdе of stаtе;
паспорттың N/раssроrt N
жазуы жазылған.
Сол жағында фотосуретке орын қалдырылған, суреттiң оң жағында мынадай жазу бар:
Тегi/Фамилия/Surnаме
Аты/Имя/Givеn names
Азаматтығы/Гаржданство/Nаtiоnаlitу
Туған күнi, айы, жылы/Дата рождения/Dаtе of birth
Туған жерi/Место рождения/Рlасе of birth
Жынысы/Пол/Sех
Берген мекеме/Орган выдачи/Аuthоritу
Берiлген күнi/Дата выдачи/Dаtе of issue
Паспорт мерзiмi/Действителен до/Dаtе of expiry
Төменде мәшине шығаратын текске орын қалдырылған.
8 8. Мұқабаның iшкi жағында қазақ және орыс тiлдерiнде:
"Қазақстан Республикасы азаматының паспорты"
"Паспорт гражданина Республики Казахстан"
деп тiгiнен екi жолға жазылған жазу бар.
Төменгi жағында қазақ және орыс тiлдерiнде жазу үшiн орын қалдырылған.
Тегi/Фамилия
Аты, әкесiнiң аты/Имя, отчество
Ұлты/Национальность
Өз қолы/Подпись
📌 Ескерту. Қаулы өзгерді - ҚР Үкіметінің 02.01.2001 № 1394 қаулысымен.