О вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 304
- Қабылданған күні
- 31.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2014 AI58041_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000304
- ЭКБ идентификаторы
- 58041
- Редакция идентификаторы
- AI58041_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:41
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
3 3. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне республикалық бюджетте және жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5 5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 304 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1 1. Ақтөбе әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Орал әскери тергеу бөлімі.
2 2. Алматы әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Қапшағай әскери тергеу басқармасы.
3 3. Қостанай әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Петропавл әскери тергеу бөлімі.
4 4. Шымкент әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Қызылорда әскери тергеу бөлімі.
5 5. Ақтау әскери тергеу бөліміне қосу жолымен Атырау әскери тергеу бөлімі.
6 6. Семей әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Павлодар әскери тергеу бөлімі.
1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта аталатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 304 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта аталатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1 1. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногор қаласының ішкі істер бөлімі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногор қаласының Ішкі істер басқармасына.
2 2. Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Жаңаөзен қаласының ішкі істер бөлімі Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Жаңаөзен қаласының Ішкі істер басқармасына.
3 3. Павлодар облысының Ішкі істер департаменті Екібастұз қаласының ішкі істер бөлімі Павлодар облысының Ішкі істер департаменті Екібастұз қаласының Ішкі істер басқармасына.
4 4. Ақмола әскери тергеу басқармасы Астана әскери тергеу басқармасына.
5 5. Аягөз әскери тергеу бөлімі Аягөз әскери тергеу басқармасына.
6 6. Ақтау әскери тергеу бөлімі Ақтау әскери тергеу басқармасына.
7 7. Семей әскери тергеу басқармасы Шығыс әскери тергеу басқармасына.
2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 304 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
реттік нөмірлері 21, 169, 177-жолдардағы «бөлімі» деген сөз «басқармасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 257-жол мынадай редакцияда жазылсын:
257 «257. Астана әскери тергеу басқармасы.»;
реттік нөмірі 261-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 265, 270-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
265 «265. Шығыс әскери тергеу басқармасы.»;
270 «270. Ақтау әскери тергеу басқармасы.»;
реттік нөмірі 271-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 272-жолдағы «бөлімі» деген сөз «басқармасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 273, 274, 275, 276-жолдар алып тасталсын.