Об утверждении Правил субсидирования систем управления производством сельскохозяйственной продукции Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидасын бекіту туралы «2011 — 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 326 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі шығындарының құнын субсидиялау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Субсидиялау 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) бойынша 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Тармақ 2
2. ИСО (ағылш. ISO - Іntеrnаtіоnаl Stаndаrd Оrgаnіzаtіоn) - сапа менеджменті жүйесі;
Тармақша 3
3) іріктеу - 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бағдарламаға қатысатын тапсырыс беруші-қатысушылар арасында бөлу үшін оларды айқындау;
Тармақша 4
4) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
Тармақша 5
5) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде куәландыратын рәсім;
Тармақша 6
6) тапсырыс беруші - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау сатысындағы агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;
Тармақша 7
7) тапсырыс беруші-қатысушылар - бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілер;
Тармақша 8
8) тартылған консультант - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
Тармақша 9
9) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
Тармақша 10
10) ХАССП (ағылш. НАССР - Наzаrd Аnаlуsіs аnd Сrіtісаl Соntrоl Pоіnts) - тамақ өнімдері қауіпсіздігін басқару жүйесі;
Тармақша 11
11) штаттағы консультант - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушінің қызметкері.
Тармақ 4
4. Тартылған консультантқа қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) штатында тиісті дипломдары, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттары және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесі бар халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сәйкестігін одан әрі растау саласындағы білікті мамандардың болуы (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 2
2) тиісті дипломының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы (жеке тұлғалар үшін).
Тармақ 5
5. Штаттағы консультантқа қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) тиісті дипломдарының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушінің сапа қызметінің қызметкері ретінде кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі.
Тармақ 6
6. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның бүкіл құнынан тапсырыс беруші-қатысушы шығынының 50 %-ынан аспайды.
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау тәртібі
2. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау тәртібі
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілерге іріктеуді жүргізу үшін бағдарламаның әкімшісі құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы бар комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады. Комиссия төрағасы атқаратын лауазым бағдарлама әкімшісінің департамент директоры деңгейінен, ал комиссия мүшелерінің лауазымдары - бас сарапшы деңгейінен төмен болмауы тиіс. Комиссия құрамы бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мүдделі құрылымдық бөлімшілерінің өкілдері кіреді, бұл ретте Комиссияның сандық құрамы тақ және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 8
8. Бағдарламаның әкімшісі облыстар, Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі - басқармалар) ұсынған тізім бойынша барлық тапсырыс берушілерге шақыру жібереді.
Тармақ 9
9. Комиссия бағдарламаны іске асыруға қатысатын және мынадай өлшемдерге сай келетін тапсырыс берушілерге іріктеуді жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматы (жеке тұлғалар үшін);
Тармақша 3
3) салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері бойынша мерзімі үш айдан асып кеткен берешегінің болмауы.
Тармақ 10
10. Тапсырыс беруші енгізуді Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттық негізде тартылған консультант қамтамасыз ететін халықаралық стандартты (ИСО 9001, ИСО 22000, ХАССП) пайдаланады не штаттағы консультант болғанда оны дербес енгізеді.
Тармақ 11
11. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тапсырыс берушілер осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе өтінімге қол қою құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар тұлға қол қойған, тапсырыс берушінің мөрі басылған, жабық конвертке салынған өтінімді Комиссияға ұсынады.
Тармақ 12
12. Өтінімге:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (СТН);
Тармақша 2
2) өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімде берілген салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері бойынша берешегінің болмауы немесе болуы туралы тиісті салық органының бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, мөрі басылған белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
Тармақша 3
3) тапсырыс беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы сертификаттауды жүргізу туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 4
4) тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 5
5) өтінімге тапсырыс берушінің бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда өтінімге қол қою құқығына арналған сенімхат; егер тапсырыс беруші халықаралық стандартты дербес енгізген жағдайда, консалтингтік (консультациялық) қызметтер көрсететін тапсырыс берушінің негізгі қызметкерлерінің түйіндемесі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, іске асырылған жобаларға қатысуы және байланыс ақпараты, тиісті дипломдарының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының белгіленген тәртіппен куәландырылған қоса берілген көшірмелері) қоса беріледі; егер халықаралық стандарттың енгізілуі тартылған консультантпен қамтамасыз етілген жағдайда:
Тармақша 1
1) тартылған консультантпен жасалған халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді көрсетуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері және жеке тұлғалар үшін жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 3
3) тартылған консультант туралы қысқаша ақпарат (компанияның даму тарихы, компания қызметінің негізгі бағыттары, халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу бойынша іске асырылған жобалар жөніндегі ақпарат, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындармен халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу бойынша жұмыс тәжірибесі);
Тармақша 4
4) тартылған консультанттың халықаралық стандарттарды енгізуді жүзеге асырған клиенттері туралы ақпарат (мекенжайы, байланыс телефондары, е-mаіl);
Тармақша 5
5) тартылған консультанттың консалтингтік қызметтер көрсететін негізгі қызметкерлерінің (заңды тұлғалар үшін) түйіндемесі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, іске асырылған жобаларға қатысуы және тиісті дипломдардың, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері қоса берілген байланыс ақпараты) қоса беріледі.
Тармақ 13
13. Өтінім және қоса берілетін барлық құжаттар бір пакетке тігілуі, нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің артқы жағындағы жіптің ұшы «___ парақ тігілді және нөмірленді. Күні 20__ жылғы «___»___» деген сөздер жазылған қағаз парақпен желімделуі, тапсырыс берушінің лауазымды адамының қолы қойылуы және тапсырыс берушінің мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген жекелеген құжаттар болған кезде мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және тапсырыс берушіге қайтарылады.
Тармақ 14
14. Өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша бес жұмыс күні ішінде өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.
Тармақ 15
15. Комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жекелеген отырыста тапсырыс берушілердің өтінімдерін олардың толықтығы мен осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.
Тармақ 16
16. Осы Қағиданың талаптарына толығымен сәйкес келетін тапсырыс берушілер комиссияның шешімімен тапсырыс беруші-қатысушылар болып белгіленеді.
Тармақ 17
17. Шығындарды субсидиялау үшін әрбір тапсырыс беруші-қатысушыға бөлінетін қаражат көлемінің үлесін комиссия халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның барлық құнынан тапсырыс беруші шығындарының сомасына тікелей бара-бар түрде белгілейді.
Тармақ 18
18. Комиссия отырысында ұсынылған құжаттарды қарау және өтінімдерді бағалау хаттамасы (бұдан әрі - комиссия отырысының хаттамасы) жүргізіледі. Комиссия шешімінің нәтижелері комиссия отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс, онда тапсырыс беруші-қатысушылардың атауы, орналасқан жері, тапсырыс беруші-қатысушылар айқындалған өлшемдер, тапсырыс беруші-қатысушыларға бөлінетін субсидиялардың көлемі, сондай-ақ өтінімдердің қабылданбау себептері көрсетіле отырып, белгіленген талаптарға сай келмейтін тапсырыс берушілердің атауы көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Комиссия отырысының хаттамасы отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресімделеді, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды. Комиссия шешімі барлық тапсырыс берушілерге жазбаша хабарланады.
Тармақ 20
20. Тапсырыс беруші-қатысушыларды хабарландырған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бағдарлама әкімшісі мен тапсырыс беруші-қатысушы арасында қаражат аудару тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де талаптарды көздейтін шарт жасалады.
Тармақ 21
21. Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыс тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс.
Тармақ 22
22. Субсидиялар алу үшін тапсырыс беруші-қатысушы бағдарламаның әкімшісіне мынадай растайтын құжаттарды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі тапсырыс беруші-қатысушының шығындарын субсидиялауға арналған өтінімді;
Тармақша 2
2) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен тапсырыс беруші-қатысушы қол қойған, орындалған жұмыстар актілерінің (бухгалтерлік) нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
Тармақша 3
3) сәйкестікті растау жөніндегі орган мен тапсырыс беруші-қатысушы қол қойған сертификаттау жөніндегі орындалған жұмыстар актілерінің (бухгалтерлік) нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
Тармақша 4
4) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен сәйкестікті растау жөніндегі органның қызметтеріне тапсырыс беруші-қатысушының ақы төлегені туралы төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың тапсырыс беруші-қатысушының мөрі мен қолы қойылған көшірмелерін yе қызметтерге ақы төленгенін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелерін;
Тармақша 5
5) сапа сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 23
23. Осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырыс беруші-қатысушы бағдарлама әкімшісіне тиісті жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 24
24. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі растайтын құжаттарды қарағаннан кейін осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада субсидиялар төлеу ведомосын қалыптастырады.
Тармақ 25
25. Тапсырыс беруші-қатысушыларға субсидияларды төлеу үшін бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшелеріне төлеуге арналған шоттардың тізілімін екі данада және төлеуге арналған шотты ұсынады.
Тармақ 26
26. Іріктеу жүргізу кезінде қаражат толық бөлінбеген жағдайда, сондай-ақ тапсырыс беруші-қатысушылар бөлінетін субсидиядан бас тартқан жағдайда, бағдарламаның әкімшісі іріктеудің жүргізілетін күні мен орнын бекіте отырып, қайта іріктеу жүргізеді. Қайта іріктеу осы Қағидаға сәйкес жүргізіледі.
Басқа 1. Өтінім
Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидасына 1-қосымша Өтінім _________________________________________________________ (тапсырыс берушінің атауы) 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдіреді. 1. Бағдарламаны іске асыруға қатысушы туралы мәліметтер Толық атауы ______________________________________________ Заңды мекенжайы __________________________________________ Нақты мекенжайы, телефондары, факсы, электрондық мекенжайы _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Жарғылық капиталының мөлшері, теңге _______________________ Меншікті капиталының мөлшері, теңге _______________________ Құрылтайшылар _____________________________________________ Банктік деректемелері _____________________________________ Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары _________________________________________________________________ Негізгі қызметінің түрі ___________________________________ Жылдық айналымы, сомасы ___________________________________ Қызметкерлердің нақты саны ________________________________ 2. Тартылған консультанттың қысқаша сипаттамасы Толық атауы _______________________________________________ Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйелерін әзірлеу, енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесі __________________________________________________________________ Сертификат алған кәсіпорындардың саны ______________________ Заңды мекенжайы ___________________________________________ Нақты мекенжайы, телефондары, факсы, электрондық мекенжайы _________________________________________________________________ Құрылтайшылар _____________________________________________ Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары _________________________________________________________________ Қызметкерлердің саны ______________________________________ 3. Жобаның қысқаша сипаттамасы Жобаның жалпы құны ________________________________________ Төлем шарттары ____________________________________________ Жоба бойынша жұмыстардың басталған және аяқталған күні _____ Р/с № Жұ­мыстар­дың ке­зең­де­рі мен түр­ле­рі­нің ата­уы Құ­ны (тең­ге) Жұ­мыстар­дың ба­стал­ған және аяқ­тал­ған кү­ні Оның ішін­де орын­дал­ған жұ­мыстар­дың ак­ті­сі ұсы­ныл­ды 4. Жобаны іске асырудан жоспарланатын нәтижелер _______________________________________________ ______________________________________________ ______________________________________________ ____________________________м.о.______________ (лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы, күні)
Басқа 2. Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі тапсырыс беруші-қатысушының шығындарын субсидиялауға арналған өтінім
Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидасына 2-қосымша Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі тапсырыс беруші-қатысушының шығындарын субсидиялауға арналған өтінім Күні 20___ ж.___ ______ Осымен тапсырыс беруші-қатысушы ______________________________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 200__ жылғы ___ ______ № ___ халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау туралы шартқа сәйкес 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша тапсырыс берушінің (банк атауы) № _______ шотына республикалық бюджеттен____теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды. ___________________________м.о.____________________________________ (кәсіпорынның атауы) (кәсіпорынның бірінші басшысының қолы мен Т.А.Ә.)
Басқа 3
Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидасына 3-қосымша «Бекітемін» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы _____________________________ 20___ жылғы «__ » ____ № ___ 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша субсидиялар төлеуге арналған ведомость Р/с № Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Суб­си­ди­я­ла­у­ға ар­нал­ған шар­ттың № және кү­ні Бар­лық көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер со­ма­сы (тең­ге) Оның ішін­де Тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны (тең­ге) кон­суль­та­ци­я­лық сер­ти­фи­кат­тық Төлеуге жататын сома __________________________________________ теңге                               (цифрмен, жазбаша) Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаментінің директоры