Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил признания сертификатов летной годности гражданских воздушных судов, выданных иностранным государством

Бұйрық · № 112 · қабылданған 03.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58136/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил признания сертификатов летной годности гражданских воздушных судов, выданных иностранным государством Күшін жойған Бұйрық ·№ 112 ·03.03.2011
25.07.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил признания сертификатов летной годности гражданских воздушных судов, выданных иностранным государством

Күшін жойған Бұйрық ·№ 112 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил признания сертификатов летной годности гражданских воздушных судов, выданных иностранным государством
Атауы (қаз.)
Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
112
Қабылданған күні
03.03.2011
Көрсетілген редакция
25.07.2017 58136_267260.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006842
ЭКБ идентификаторы
58136
Редакция идентификаторы
58136_267260
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:59

0 Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 47-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетi (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция
ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның
2011 жы­л­ғы 3 на­уры­зда­ғы
№ 112 бұй­ры­ғы­мен
бе­кі­тіл­ді
Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес әзірленген және шет мемлекеттер берген азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану тәртібін айқындайды.
Қағида ұшу жарамдылығы сертификаты берілген Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) талаптары мен стандарттарына және Қазақстан Республикасында белгіленген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес болған кезде азаматтық әуе кемелеріне қатысты қолданылады.

2 2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) өтінім – өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға шет мемлекет берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану үшін жазбаша өтініші;

2 2) өтініш беруші - шет мемлекет берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану туралы шешімін алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жүгінген заңды тұлға;

3

3) ұшу жарамдылығы сертификатының күшін тану туралы шешім (бұдан әрі – Шешім) – азаматтық әуе кемесінің ИКАО стандарттары мен талаптарына және Қазақстан Республикасы белгілеген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген белгіленген үлгідегі құжат.

2 2. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификаттарын тану тәртібі

3 3. Шет мемлекет берген ұшу жарамдылығы сертификаттарын танудың мынадай тәртібі белгіленеді:

1 1) өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органына өтініш беруі;

2 2) өтініш бойынша шешім қабылдау;

3 3) азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификаттарын тану туралы шешімді беру (беруден бас тарту).

4 4. Шет мемлекеті берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификаттарын тану туралы шешімін алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласында уәкілетті органға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанында өтініш жібереді.

5 5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) шет мемлекет берген әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

2 2) шет мемлекет берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатының көшірмесі;

3 3) пайдаланушы сертификатының көшірмесі (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген авиациялық жұмыстарды орындау куәлігінің көшірмесі, ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің көшірмесі);

4 4) шет мемлекет берген жергіліктегі жердегі ұшу бойынша сертификатының көшірмесі;

5 5) әуе кемесін қайта жабдықтау жөніндегі құжаттардың көшірмесі (егер осы әуе кемесі қайта жабдықталған болса);

6

6) әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қалыпта сақтау тәртібін анықтауда әуе кемесі тіркелген мемлекеттердің авиациялық билік орындарымен жасасқан Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясына 83 bis бап шеңберінде келісімнің немесе Қазақстан Республикасының авиациялық билік орындары және әуе кемесі тіркеу мемлекетінің авиациялық билік орындары арасындағы әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қалыпта сақтау тәртібі бойынша жауапкершілікті шектеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

7 7) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға міндетті түрде берілетін әуе кемесін техникалық пайдалану және әуе кемесін қауіпсіз пайдалануға қатысты ұшу жарамдылығы директивалары мен бюллетендері, әуе кемесін және қозғалтқыштарын жасаушылармен жасалған шарттардың көшірмелері.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің қолы қойылып және мөрі басылып куәландырылады.

3 3. Шешім беру, Шешім беруден бас тарту

6 6. Шешім толық көлемде ұсынылған құжаттар негізінде беріледі. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берілген уақыттан бастап күнтізбелік 10 күннің ішінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысанында Шешімді ресімдейді және береді.

7 7. Құжаттар толық көлемде тапсырылмаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оны құжаттары қабылданған сәттен күнтізбелік 7 күннің ішінде өтініш берушіге кері қайтарады.

8 8. Өтініш берушінің тапсырған құжаттары осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Шешім беруден бас тартылады.

Шешімді беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге құжаттары қабылданған сәттен күнтізбелік 10 күннің ішінде жазбаша түрде қабылдамау себебі көрсетіліп, дәлелді жауап беріледі

4 4. Шешімнің телнұсқасын беру

9 9. Шешім бүлінген, жоғалған, ұрланған жағдайда Шешім берілген әуе кемесін пайдалану тоқтатылады.

Шешімнің телнұсқасын алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанында өтініш жібереді.

10 10. Құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес болған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берілген уақыттан бастап күнтізбелік 5 күннің ішінде өтініш берушіге Шешімнің телнұсқасын береді.

1 Азаматтық әуе кемесінінің ұшу жарамдылығы сертификатын тануға ӨТІНІМ

Аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рі­нің
ше­те мем­ле­кет бер­ген ұшу­ға
жа­рам­ды­лы­ғы сер­ти­фи­кат­та­рын
та­ну қа­ғи­да­сы­на
1-қо­сым­ша
Нысан
Азаматтық әуе кемесінінің ұшу жарамдылығы сертификатын тануға ӨТІНІМ
_____________________тиесілі_________________________________________
(мемлекет атауы)
__________________________тізіліміне____ж."___"______№ ______________
болып енгізілген_________________________________________әуе кемесіне
(әуе кемесінің түрі, тану белгісі)
№ __________________ Ұшу жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану
туралы Шешім беруіңізді сұраймын.
Әуе кемесі туралы деректер:

1 1. Үлгi сертификаты немесе балама құжат және оның нөмiрi

а а) әуе кемесi _______________________________________________________

ә ә) қозғалтқыштар ____________________________________________________

б б) әуе бұрандалары __________________________________________________

2 2. Мемлекеттік және тiркеу белгiлерi ________________________________

3 3. Әуе кемесінің түрі мен қолданылуы ________________________________

4 4. Әуe кемесiнiң жасалған күні мен сериялық нөмiрi __________________

5 5. Соңғы жүргiзiлген жөндеудің күні мен орны ________________________

6 6. Әуе кемесінің ұшуы

а а) пайдалану басталғаннан берi:__________сағат______қонуы________ жыл

ә ә) соңғы жөндеуден кейiн: _______________сағат______қонуы________ жыл

7 7. Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы:______сағат_____қонуы_________ жыл

8 8. Қозғалтқыштардың түрі және саны __________________________________

9 9. Әуе бұрандаларының түрі __________________________________________

10 10. Мыналардың: а) ұшып көтерілудің __________б) қонудың__________ ең жоғары массасы

11 11. Орындар саны: а) жолаушылар ______________б) экипаж______________

12 12. Төңіректегі шу жөніндегі куәлік _________________________________

13 13. Әуе кемесінің меншік иесі және оның мекен-жайы __________________

_____________________________________________________________________

14 14. Әуе кемесін пайдаланушы, пайдаланушы куәлігінің нөмірі және заңды мекен-жайы __________________________________________________________

15 15. Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның атауы

__________________________________________________________________
М.О. _____________________________________________________________
(лауазымы)
20______ ж. "____" _________ _____________________________________
(қолы, аты-жөні)
Авиакомпанияның инженерлік-авиациялық қызметі басшысының әуе
кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы ___________________
__________________________________________________________________
М.О. _____________________________________________________________
(лауазымы)
20______ ж. "____" _________ _____________________________________
(қолы, аты-жөні)

2 ҚА­ЗАҚ­СТАН РЕС­ПУБ­ЛИ­КА­СЫ

Аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рі­нің
ше­тел­дік мем­ле­кет бер­ген ұшу­ға
жа­рам­ды­лы­ғы сер­ти­фи­кат­та­рын
та­ну қа­ғи­да­сы­на
2-қо­сым­ша
Нысан
ҚА­ЗАҚ­СТАН РЕС­ПУБ­ЛИ­КА­СЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
КӨ­ЛІК ЖӘНЕ КОМ­МУ­НИ­КА­ЦИЯ МИ­НИ­СТР­ЛІ­ГІ
THE MINISTRY OF TRANSPORT & COMMUNICATIONS
АЗА­МАТ­ТЫҚ АВИА­ЦИЯ КО­МИ­ТЕ­ТІ
ҰШУ ЖА­РАМ­ДЫ­ЛЫ­ҒЫ СЕР­ТИ­ФИ­КА­ТЫ­НЫҢ
ЖА­РАМ­ДЫ­ЛЫ­ҒЫН ТА­НУ ТУ­РА­ЛЫ ШЕ­ШІМ
________________________________________________________ бе­ріл­ді.
Қа­зақ­стан Pec­пуб­ли­ка­сы­ның қол­да­ны­лып жүр­ген заң­да­ры­на сәй­кес және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұшу жа­рам­ды­лы­ғы нор­ма­ла­ры та­лап­та­ры­ның па­ра­пар­лы­ғы негі­зін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Аза­мат­тық авиа­ция Ко­ми­те­ті ________________________________________________________
________________________ бе­рі­л­ген­ді жа­рам­ды деп та­ни­ды.
Аза­мат­тық әуе ке­ме­сі­нің ұшу жа­рам­ды­лы­ғы сер­ти­фи­ка­ты № ___________
Се­ри­я­лық (за­уыт) нө­мі­рі _________________________________________
Мем­ле­кет­тік және тір­ке­уді анық­тау бел­гі­сі _______________________
Аза­мат­тық әуе ке­ме­сі­нің ұшу жа­рам­ды­лы­ғы сер­ти­фи­ка­ты және оны жа­рам­ды деп та­ну ту­ра­лы осы қо­ры­тын­ды сер­ти­фи­кат­тың ұшу жа­рам­ды­лы­ғы­ның қол­да­ныс мер­зі­мін­де 20___ж. ___________________ дей­ін­гі ке­зең­ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да әуе ке­ме­сін­де та­сы­мал­дап ұшу­ды орын­да­у­ға құқық бе­ре­ді.
Қо­ры­тын­ды 20_____ж. _________________ жа­рам­ды.
Аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы
уәкі­лет­ті ор­ган­ның ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Official body __________________________ М.О.
Of the Competent Authority (қо­лы/signature) Stamp
In Civil aviation
Бе­рі­л­ген кү­ні _________________________
Date of _______________________________

3 Шешімнің телнұсқасын алуға ӨТІНІМ

Аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рі­нің
ше­тел­дік мем­ле­кет бер­ген ұшу­ға
жа­рам­ды­лы­ғы сер­ти­фи­кат­та­рын
та­ну қа­ғи­да­сы­на
3-қо­сым­ша
Нысан
Шешімнің телнұсқасын алуға ӨТІНІМ
____________ тиесілі ________________________________________________
_________________________________тізілімге______________ ж. "______"
___________________________________________ № _______болып енгізілген
________________________________________________________ әуе кемесіне
(әуе кемесінің түрі, тану белгісі)
№ ________________ ұшу жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану
туралы Шешімнің телнұсқасын беруіңізді сұраймын.
Айырбастау себебі (көшірмені беру)___________________________________
Әуе кемесі туралы деректер:

1 1. Үлгі ____________________________________ әуе кемесінің қолданылуы

_____________________________________________________________________

2 2. Ұлттық және тiркеу белгiлерi _____________________________________

3 3. Әуe кемесiнiң сериялық (зауыт) нөмiрi ____________________________

4 4. Әуе кемесінің дайындалған мерізімі _______________________________

5 5. Үлгі сертификаты немесе эквивалентті құжат және оның нөмірі_______

6 6. ИКАО санаты_______________бойынша ұшуға рұқсат етілген әуе кемесі.

7 7. Соңғы жөндеудің жүргiзiлген күні мен орны _____________________________________________________________________

8 8. Әуе кемесінің ұшуы

а а) пайдалану басталғаннан берi:__________сағат______қонуы________ жыл

ә ә) соңғы жөндеуден кейiн: _______________сағат______қонуы________ жыл

9 9. Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы:______сағат______қонуы________ жыл

10 10. Салмағы, кг __________________________орталандыру, % Орталық аэродинамикалық хордасы (ОАХ)________________________________________

11 11. Пайдаланушылар комиссиясының әуе кемесіне жасаған техникалық жағдайы актісінің бекіту уақыты _____________________________________

12 12. Пайдаланушының заңды мекенжайы, телефоны, факсі _________________

_____________________________________________________________________
М.О. ________________________________________________________________
(лауазымы)
20______ ж. "____" _________ ________________________________________
(қолы, аты-жөні)
Авиакомпанияның инженерлік-авиациялық қызметі басшысының әуе
кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы ______________________
_____________________________________________________________________
М.О. ________________________________________________________________
(лауазымы)
20______ ж. "____" _________ ________________________________________
(қолы, аты-жөні)

Қолданыстағы