О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты по вопросам физической культуры и спорта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты по вопросам физической культуры и спорта
- Атауы (қаз.)
- Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 02-02-18/2
- Қабылданған күні
- 12.01.2011
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2011 AI58137_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100006850
- ЭКБ идентификаторы
- 58137
- Редакция идентификаторы
- AI58137_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:17
0 Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) Күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 29 қарашадағы № 02-02-18/222 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
2
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының «Дене шынықтыру, спорт жаттығуларын және бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде қауiпсiздiк пен санитарлық-тазалық нормалары ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 27 наурыздағы № 06-2-2/97 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 2816 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2005 жылғы № 9-13 бюллетені, 45-бетте бюллетенінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру, спорт жаттығулары мен бұқаралық спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде қауiпсiздiк пен санитарлық-тазалық нормаларын сақтау ережесінде:
7-тармақта «уақтылы» деген сөз «оқу-жаттығу жиындарын өткізу алдында бір ай ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақта «құрамында болады» деген сөздер «құрамына енгізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақта «басталуы мүмкін» деген сөздер «басталады» деген сөзбен ауыстырылсын.
2 2. Стратегиялық жоспарлау департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін заңнамамен белгіленген тәртіппен жолдасын.
3 3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Туризм және спорт вице-министрі Т.А. Ермегияевке жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық оның ресми бірінші жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
__________ С. Қайырбекова
«__» ___________ 2011 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар жөніндегі
министрі _________ В. Божко
«___»____________ 2011 жыл