Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска в области применения законодательства Республики Казахстан о языках

Бұйрық · № 38 · қабылданған 28.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58146/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска в области применения законодательства Республики Казахстан о языках Күшін жойған Бұйрық ·№ 38 ·28.02.2011
28.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска в области применения законодательства Республики Казахстан о языках

Күшін жойған Бұйрық ·№ 38 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска в области применения законодательства Республики Казахстан о языках
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
38
Қабылданған күні
28.02.2011
Көрсетілген редакция
28.01.2016 AI58146_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006827
ЭКБ идентификаторы
58146
Редакция идентификаторы
AI58146_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:03

0 Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ғ.Т. Төлебаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

5 5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 38 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағын мен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын орындау үшін әзірленген.

2 2. Осы критерийлерде мынадай ұғым пайдаланылады:

1 1) бақылау субъектісі - қызмет барысында іс жүргізуде тілдерді Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес қолданатын орталық және жергілікті атқарушы органдар;

2 2) тәуекел - орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шара қолданбауы.

3 3. Тәуекел дәрежесіне байланысты субъектілер мынадай жоспарлы тексеріс жүргізу мерзімділігімен жоғары, орташа және болмашы тәуекел топтарына жатады:

объектілердің жоғары дәрежелі тәуекелінде - жылына бір реттен; объектілердің орташа дәрежелі тәуекелінде - үш жылда бір реттен объектілердің болмашы дәрежелі тәуекелінде - бес жылда бір реттен жиі емес.

4 4. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері болмашы тәуекел дәрежесіне жатқызылады.

5 5. Бұдан әрі тексеру нәтижелері бойынша критерийлер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен бақылау субъектісі тәуекел дәрежесінің тиісті топтарына бөлінеді:

1 1) тәуекел дәрежесінің болмашы тобына тексеру нәтижесі бойынша 1-ден 5-ке дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;

2 2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 6-дан 11-ге дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;

3 3) тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру нәтижесі бойынша 11 баллдан жоғары жинаған бақылау субъектілері жатады.

6 6. Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады:

іс жүргізуге қойылатын талаптардың бұзылуы - 1 балл;
көрнекі ақпараттар мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталмауы - 2 балл;
азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілінің сақталмауы - 3 балл;
құжаттама жүргізу тілінің қамтамасыз етілмеуі — 4 балл; актілердің мемлекеттік тілде қабылданбауы - 5 балл.

Қолданыстағы