Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничения в связи со вспышкой бруцеллеза крупного рогатого скота на территории Карабулакского сельского округа

Өзге акт · № 4 · қабылданған 14.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58152/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении ограничения в связи со вспышкой бруцеллеза крупного рогатого скота на территории Карабулакского сельского округа Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 ·14.03.2011
19.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничения в связи со вспышкой бруцеллеза крупного рогатого скота на территории Карабулакского сельского округа

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничения в связи со вспышкой бруцеллеза крупного рогатого скота на территории Карабулакского сельского округа
Атауы (қаз.)
Қарабұлақ ауылдық округі аймағында ірі қара малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
14.03.2011
Көрсетілген редакция
19.10.2011 AI58152_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11VRR00115
ЭКБ идентификаторы
58152
Редакция идентификаторы
AI58152_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:55

0 Қарабұлақ ауылдық округі аймағында ірі қара малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 24 қарашадағы № 05-15-1048 ұсынысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қарабұлақ ауылдық округінің аймағында ірі қара малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.

2 2. Қарабұлақ ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы А. Сабырбековке (келісімі бойынша) осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. Үржар аудандық № 2 медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры Н. Жакияноваға (келісімі бойынша) Қарабұлақ ауылдық округі тұрғындарының медициналық байқауын өткізу ұсынылсын.

4 4. Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Б. Нигматуллинға (келісімі бойынша) бруцеллез ауруына шалдыққан адамдарды дер кезінде анықтауға шаралар қабылдау ұсынылсын.

5 5. Қарабұлақ ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы Е. Бекішевке (келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.

6 6. Қарабұлақ ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық -санитариялық дәрігері С. Баянбаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.

7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі              Н. Қожақов
Келісілді:
Қарабұлақ ауылдық округінің
мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық инспекторы                       А. Сабырбеков
14 наурыз 2011 ж.
Үржар аудандық № 2 медициналық
бірлестігі коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры             Н. Жакиянова
14 наурыз 2011 ж.
Үржар ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы               Б. Нигматуллин
14 наурыз 2011 ж.
Қарабұлақ ауылдық округінің
учаскелік полиция инспекторы                  Е. Бекішев
14 наурыз 2011 ж.

Қолданыстағы