Об установлении категории автостоянок (паркингов), увеличения размеров ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении категории автостоянок (паркингов), увеличения размеров ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
- Атауы (қаз.)
- Автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35/5-IV
- Қабылданған күні
- 19.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 05.07.2018 58156_339695.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VS000147
- ЭКБ идентификаторы
- 58156
- Редакция идентификаторы
- 58156_339695
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:50
0 Автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99–ІV Қазақстан Республикасы Кодексінің 381, 386-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Автотұрақтар (паркингтер) санаты 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын автотұрақтардың (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге автотұрақтардың санатына қарай ұлғайтылған базалық ставкалардың мөлшері 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3 3. Шемонаиха қаласына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын қолдануға жақын жатқан елді мекен болып Шемонаиха қаласы айқындалсын.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Шемонаиха ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу туралы
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2011 жылғы 19 наурыздағы
№ 35/5-ІV шешiмiне
1-қосымша
Шемонаиха ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санатын
белгілеу туралы
Рет
№
Автотұрақтардың түрлері
Санаты
1
Жер үстіндегі жабық түрлі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар
1 санат
2
Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттың ішіне салынған автотұрақтар
2 санат
3
Ғимараттардың жер астындағы, үй астындағы, жер үстіндегі төменгі немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар
3 санат
6 Автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге салық ставкаларының санатына қарай мөлшері
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2011 жылғы 19 наурыздағы
№ 35/5-ІV шешiмiне
2-қосымша
Автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге салық ставкаларының
санатына қарай мөлшері
Рет
№
Автотұрақтардың санаты
ҚР Салық кодексімен белгіленген базалық ставкалар
Ставкалары
Шемонаиха қ.
кенттер
ауылдар
1
1 санаты
7,24
0,96
0,48
10 есе
2
2 санаты
7,24
0,96
0,48
9 есе
3
3 санаты
7,24
0,96
0,48
8 есе