Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства

Бұйрық · № 54-п · қабылданған 16.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58158/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства Күшін жойған Бұйрық ·№ 54-п ·16.02.2011
30.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства

Күшін жойған Бұйрық ·№ 54-п · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства
Атауы (қаз.)
Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
54-п
Қабылданған күні
16.02.2011
Көрсетілген редакция
30.06.2015 AI58158_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006811
ЭКБ идентификаторы
58158
Редакция идентификаторы
AI58158_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:09

0 Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабы 25) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы (С.Ғ. Бисақаев) осы бұйрықтың талаптарын орындау және оқып білуді ұйымдастырсын.

4

4. «Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 383-ө және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 30 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (№ 6051 Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, «Заң газеті» 2010 жылғы 25 ақпандағы № 29 (1651), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 8 жарияланған).

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің 2011 жылғы
16 ақпандағы № 54-ө және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің 2011 жылғы
16 ақпандағы № 35 бірлескен
бұйрығымен бекітілген
Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1 1. Жалпы ережесі

1

1. Осы Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау мақсатында субъектілерді жоғары, орташа не шамалы тәуекел топтарына жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) тәуекел - субъектінің қызметі нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына, қызметкердің мүліктік мүдделеріне зиян келтірудің, оның салдарының ауырлық дәрежесі ескерілген, ықтималдығы;

2 2) субъект - қызметкер еңбек қатынасында болатын жеке немесе заңды тұлға.

3 3. Субъектілерді тәуекел топтарына жатқызу кезінде тәуекел дәрежесін бағалаудың мынадай критерийлері:

1 1) қызметкерлердің санына қарай - объективті критерийлер;

2 2) қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуына қарай - арнайы критерийлер ескеріледі.

2 2. Объективті критерийлерді ескере отырып субъектілерді жоғары, орташа не шамалы тәуекел топтарына таратып бөлу

4 4. Объективті критерийлер бойынша субъектілер үш топқа бөлінеді:

қызметкерлерінің саны 250 адамнан артық субъектілер жоғары тәуекелге жатады - тексерулер жылына бір рет;
қызметкерлерінің саны 50 адамнан артық, бірақ 250 адамнан аспайтын субъектілер орташа тәуекелге жатады - тексерулер 3 жылда бір рет;
қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамға дейінгі субъектілер шамалы тәуекелге жатады - тексерулер 5 жылда бір рет.

3 3. Арнайы критерийлерді ескере отырып субъектілерді жоғары, орташа не шамалы тәуекел топтарына таратып болу

5 5. Объективті қатер факторлары бойынша тексеруден өткен субъектілер одан әрі арнайы тәуекел критерийлері ескерілген тексеру жоспарына енгізіледі.

6 6. Арнайы критерийлерге:

1 1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылық тәуекелдері (1-қосымша);

2 2) қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылық тәуекелдері (2-қосымша);

3 3) шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзушылық тәуекелдері (3-қосымша) жатады.

7 7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жолсыздықтар бойынша критерийлерді бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1 1) 20 және жоғары балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі жылына бір рет болатын жоғары тәуекел тобына жатады;

2 2) 10-нан 20-ға дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 3 жылда бір рет болатын орташа тәуекел тобына жатады;

3 3) 10-ға дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 5 жылда бір рет болатын шамалы тәуекел тобына жатады.

8 8. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылықтар бойынша критерийлерді бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1 1) 15 және жоғары балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі жылына бір рет болатын жоғары тәуекел тобына жатады;

2 2) 7-ден 15-ке дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 3 жылда бір рет болатын орташа тәуекел тобына жатады;

3 3) 7-ге дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 5 жылда бір рет болатын шамалы тәуекел тобына жатады.

9 9. Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзушылық критерийлерін бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1 1) 15 және жоғары балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі жылына бір рет болатын жоғары тәуекел тобына жатады;

2 2) 10-нан 15-ке дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 3 жылда бір рет болатын орташа тәуекел тобына жатады;

3 3) 10-ға дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 5 жылда бір рет болатын шамалы тәуекел тобына жатады.

10 10. Көрсетілген критерийлерді айқындау үшін тексеру жоспарланып отырған алдағы жылғы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.

4 4. Қорытынды ережелер

11 11. Тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа субъектілерді тексеру кезеңділігі, жоспарлы тексерулердің базалық еселігімен белгіленгеннен гөрі едәуір сирек тексерілу мүмкіндігі болатын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарының санына тәуелді болады.

Тексерулердің нәтижесінде бұзушылықтар анықталған және анағұрлым жоғары балл алған жағдайда, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіндегі субъектілер тиісінше жоғары немесе орташа тәуекел дәрежесіне ауыстырылатын болады.

12 12. Арнайы критерийлер топтары бойынша тексерулерді айқындау принциптері:

1 1) тәуекелдің бір тобы бойынша ғана балл жинаған кезде тақырыптық, яғни осы тәуекел тобына қатысты мәселелер бойынша тексерулер жүргізіледі;

2 2) екі және одан көп топтар бойынша балл жинаған кезде бақылаудың барлық мәселелері бойынша тексерулер кешенді жүргізіледі.

13 13. Тәуекел дәрежесінің бір деңгейі шеңберінде тексерулер жүргізу үшін субъектілерді іріктеу принциптері:

1 1) берілген (алған) баллдардың едәуір сомасы бойынша;

2 2) берілген баллдар тең болған жағдайда, тексеру үшін субъектілерді іріктеу оның өнімді немесе өнімсіз объектілерге тиістілігіне қарай жүзеге асырылады;

3 3) жоғарыда көрсетілген белгілер бойынша көрсеткіштер тең болған жағдайда, едәуір тексерілмеген кезеңі бар субъектілер тексеру жоспарына енгізіледі.

1 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылық тәуекелдері

Жеке кәсіпкерлік саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне
1-қосымша
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылық тәуекелдері
Тәу­е­кел­дер­дің то­бы
Тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
Балл
Негіз­де­ме
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі және ең­бек­ті қор­ғау са­ла­сын­да­ғы бұ­зу­шы­лық тәу­е­кел­де­рі
Кі­сі өлі­мі­мен аяқ­тал­ған топ­тық өн­ді­рі­сте­гі жа­за­тай­ым оқи­ға (2 және одан көп адам)
20
Н-1 ны­са­ны ак­ті­сі
Жа­за­тай­ым оқи­ға­ны ар­найы тер­геп-тек­се­ру ак­ті­сі
Топ­тық өн­ді­рі­сте­гі жа­за­тай­ым оқи­ға
10
Кі­сі өлі­мі­мен аяқ­тал­ған өн­ді­рі­сте­гі жа­за­тай­ым оқи­ға (бір де­рек үшін)
15
Ауыр аяқ­тал­ған өн­ді­рі­сте­гі оқи­ға­лар (бір де­рек үшін)
10
Кә­сіп­тік ау­ру­лар (бір де­рек үшін)
5
Же­ңіл, ор­та­ша аяқ­тал­ған өн­ді­рі­сте­гі жа­за­тай­ым оқи­ға­лар (бір де­рек үшін)
3
Ең­бек жағ­дай­ла­ры бой­ын­ша өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­ге ат­те­стат­тау жүр­гіз­беу
10
Мем­ле­кет­тік ең­бек ин­спек­то­ры­ның тек­се­ру ак­ті­сі, ұй­ға­ры­мы
Жұ­мыс бе­ру­ші­нің жа­у­ап­кер­ші­лі­гін мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру шар­тын жа­са­мау
7
Ең­бек­ті қор­ғау қыз­ме­тін құр­мау
6
Қыз­мет­кер­лер­ді же­ке қор­ға­ну құ­рал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз ет­пеу
6
Өн­ді­рі­сте­гі жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­ды тер­геп-тек­се­ру­ді қам­та­ма­сыз ет­пеу
5
Қыз­мет­кер­лер­ді үй­рет­пеу, нұс­қау бер­меу және бі­лім­де­рін тек­сер­меу
8
Мін­дет­ті және ке­зең­дік
ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру­лер жүр­гіз­беу
3
Өн­ді­рі­стік кә­сі­по­рын­ның бас­шы­сы қыз­мет­кер­ле­рі­мен ең­бек­ті қор­ғау және ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге жа­у­ап­ты адам­дар­дың үш жыл­да ке­мін­де бір рет ең­бек­ті қор­ғау және ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де мер­зім­дік оқу­дан және бі­лі­мін тек­се­ру­ден өт­пе­уі
5
Жұ­мыс бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген мер­зім­де жа­за­тай­ым оқи­ға­лар ту­ра­лы ак­ті­ні бер­ме­уі (жә­бір­ле­ну­ші­ге неме­се оның се­нім­ді тө­ра­ға­сы­на, жұ­мыс бе­ру­ші­мен ти­іс­ті шар­ттық қа­ты­на­ста­ры бар сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­на, мем­ле­кет­тік ең­бек ин­спек­ци­я­сы­на, ал ула­ну жағ­дай­ын­да ха­лық­тың са­ни­тар­лық- эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­у­ат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган­ға
5
Қыз­мет­кер­лер­ге ем­дік-про­фи­лак­ти­ка­лық та­ғам және сүт бе­ру нор­ма­тив­те­рі­нің сақ­тал­мауы
2
Жұ­мыс бе­ру­ші­нің өн­ді­рі­сте­гі жа­за­тай­ым оқи­ға ту­ра­лы көр­се­ті­л­ген мер­зім­де мем­ле­кет­тік ең­бек ин­спек­ци­я­сы­на ха­бар­ла­мауы
5

2 Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылық тәуекелдері

Жеке кәсіпкерлік саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне
2-қосымша
Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылық тәуекелдері
Тәу­е­кел­дер­дің то­бы
Тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
Балл
Негіз­де­ме
Қыз­мет­кер­лер­дің ең­бек құқық­та­рын бұ­зу­шы­лық тәу­е­кел­де­рі
Жа­ла­қы­ны уа­қы­тын­да тө­ле­меу
10
Мем­ле­кет­тік ең­бек ин­спек­то­ры­ның тек­се­ру ак­ті­сі, ұй­ға­ры­мы
Ұжым­дық шарт жа­са­удан жал­та­ру және негіз­сіз бас тар­ту
6
Ең­бек шар­тын жа­са­мау
5
Ең­бек шар­тын жа­са­уда шек­те­улер­ді сақ­та­мау
4
Де­ма­лы­стар бер­меу
4
Үсте­ме жұ­мыстар­ға заң­сыз тар­ту
3
Қыз­мет­кер­дің өмі­рі­мен ден­са­улы­ғы­на кел­ті­рі­л­ген зи­ян­ды өтеу со­ма­сын тө­ле­меу неме­се уа­қы­тын­да тө­ле­меу
5
Қыз­мет­кер­ге ти­е­сі­лі со­ма­лар мен өте­ма­қы­лар­ды со­ма­сын тө­ле­меу неме­се уа­қы­тын­да тө­ле­меу
5
Ақы­сы тө­ле­не­тін жыл сай­ын­ғы ең­бек де­ма­лы­сы­нан заң­сыз ша­қы­рып алу
4
Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген мер­зім­де жұ­мыспен қам­ту мә­се­ле­сі бой­ын­ша уәкі­лет­ті ор­ган­ға мы­на­дай ақ­па­рат­ты бер­меу:
1) заң­ды тұл­ға­ның та­ра­ты­луы­на не же­ке тұл­ға­ның қыз­ме­тін тоқ­та­туы­на, адам са­ны­ның неме­се штат­тың қы­сқар­ты­луы­на бай­ла­ны­сты ал­да­ғы уа­қыт­та қыз­мет­кер­лер­дің жұ­мыстан босай­ты­ны, олар­дың са­ны және са­на­ты ту­ра­лы;
2) Ұй­ым­да өн­ді­рі­стің өзге­ру­іне, со­ны­мен қа­тар қай­та ұй­ым­да­сты­ру­дың және қыз­мет­кер­дің жұ­мыс кө­ле­мі­нің қы­сқа­руы­на орай, қыз­мет­кер­лер­дің то­лық емес жұ­мыс кү­ніне өту­іне бай­ла­ны­сты ал­да­ғы уа­қыт­та қыз­мет­кер­лер­дің жұ­мыс жағ­дай­ы­ның өзге­руі ту­ра­лы;
3) бос жұ­мыс орын­да­ры ту­ра­лы (бос ла­у­а­зым­дар ту­ра­лы)
4) аза­мат­тар­ды жұ­мысқа қа­был­дау неме­се қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы (жол­да­ма­ға ти­іс­ті бел­гі қоя оты­рып, се­бе­бін көр­се­ту)
3
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өзге де заң­да­рын­да көз­дел­ме­ген тәр­тіп­тік жа­за қол­да­ну
2

3 Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылық тәуекелдері

Жеке кәсіпкерлік саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне
3-қосымша
Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылық тәуекелдері
Тәу­е­кел­дер то­бы
Тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
Балл
Негіз­де­ме
Ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін тар­ту тәр­ті­бін бұ­зу тәу­е­кел­де­рі
Ти­іс­ті рұқ­сат­сыз ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін пай­да­ла­ну
10
Мем­ле­кет­тік ең­бек ин­спек­то­ры­ның тек­се­ру ак­ті­сі, ұй­ға­ры­мы
Рұқ­сат­тың негіз­гі шар­тта­рын орын­да­мау
5

Қолданыстағы