Құжат мәтініне өту

О назначении социальной помощи

Қаулы · № 134 · қабылданған 05.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58201/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О назначении социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 134 ·05.04.2011
19.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О назначении социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 134 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О назначении социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек тағайындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
134
Қабылданған күні
05.04.2011
Көрсетілген редакция
19.02.2013 58201_162240.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11TH000203
ЭКБ идентификаторы
58201
Редакция идентификаторы
58201_162240
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:39

0 Әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын және аудандық Мәслихаттың 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 335-ХХІV "Ауданның 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімін басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған аудан азаматтарына, ай сайын 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындалып, төленсін.

2 2. Әлеуметтік көмекті төлеуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа тапсырылсын.

4 4. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы