О создании акционерного общества "Казнефтескважликвид"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании акционерного общества "Казнефтескважликвид"
- Атауы (қаз.)
- "Қазмұнайұңғымажою" акцнонерлік қоғамын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 309
- Қабылданған күні
- 31.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 01.08.2013 AI58274_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000309
- ЭКБ идентификаторы
- 58274
- Редакция идентификаторы
- AI58274_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:42
0 "Қазмұнайұңғымажою" акцнонерлік қоғамын құру туралы
Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазмұнайұңғымажою» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2 2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары:
1 1) оқшаулау-жою жұмыстарын жүргізуге жататын иесіз мұнай-газ ұңғымаларына, төгілген мұнайға, қоймаларға тұрақты зерттеу жүргізу;
2 2) жоюға жататын иесіз мұнай-газ ұңғымаларын, төгілген мұнайды, қоймаларды оқшаулау-жою жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3 3) консервациялау және жою бойынша төгілген мұнайдың, иесіз мұнай-газ ұңғымаларының және қоймалардың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру;
4 4) жобалау-іздестіру жұмыстарының жылдық және перспективалық жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
5 5) заңнамада белгіленген тәртіппен иесіз мұнай-газ ұңғымалары, қоймалары және төгілген мұнайды жою жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, қарауды және бекітуді ұйымдастыру;
6 6) иесіз мұнай-газ ұңғымалары, төгілген мұнай және қоймалар саласында талдамалық және ғылыми зерттеулерді жүргізу, инновациялық технологияларды енгізу болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 75600000 теңге (жетпіс бес миллион алты жүз мың теңге) мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1 1) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен бірлесіп, Қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 309 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-124-жолмен толықтырылсын:
«21-124. «Қазмұнайұңғымажою» АҚ».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-5-жолмен толықтырылсын:
«20-5. «Қазмұнайұңғымажою» АҚ».
3 3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-2-жолмен толықтырылсын:
«44-2. «Қазмұнайұңғымажою» АҚ».
4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5 5. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің қарауындағы ұйымдар тізбесінде:
«Акционерлік қоғам» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
«3. «Қазмұнайұңғымажою» АҚ».