Об утверждении перечня общераспространенных полезных ископаемых
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня общераспространенных полезных ископаемых
- Атауы (қаз.)
- Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 397
- Қабылданған күні
- 07.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI58279_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000397
- ЭКБ идентификаторы
- 58279
- Редакция идентификаторы
- AI58279_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:38
0 Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 8) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге келісімшарттар дайындау және жасасу кезінде тізбені басшылыққа алсын.
3 3. «Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 мамырдағы № 645 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 24, 203-құжат).
4 Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесі
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 397 қаулысымен
бекітілген
Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесі
1 1. Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикізат:
қалыптық құм;
құрамында сазды топырағы бар жыныстар (далалық шпат, пегматит);
әктас, доломит, әктасты-доломитті жыныстар, тамақ өнеркәсібіне арналған әктас.
2 2. Кенге жатпайтын басқа шикізат:
отқа төзімді саз;
каолин;
вермикулит;
ас тұзы.
3 3. Жергілікті құрылыс материалдары:
вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар);
құрамында суы бар вулкандық шыны мен шыны тәріздес жыныстар (перлит, обсидиан);
ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы;
гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа;
саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар);
бор, мергель, мергельді-бор жыныстары;
кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит);
кварцты-дала шпатты жыныстар;
шой тас;
шөгінді, атқылаудан кейінгі және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр);
қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты);
құм тас;
табиғи пигменттер;
ұлутас.