Құжат мәтініне өту

Об утверждении сведений, указываемых в заявлении на выдачу разрешения на специальное водопользование

Бұйрық · № 14-1/113 · қабылданған 15.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58323/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении сведений, указываемых в заявлении на выдачу разрешения на специальное водопользование Күшін жойған Бұйрық ·№ 14-1/113 ·15.03.2011
19.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении сведений, указываемых в заявлении на выдачу разрешения на специальное водопользование

Күшін жойған Бұйрық ·№ 14-1/113 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении сведений, указываемых в заявлении на выдачу разрешения на специальное водопользование
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілген мәліметтерді бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14-1/113
Қабылданған күні
15.03.2011
Көрсетілген редакция
19.03.2015 AI58323_4.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006870
ЭКБ идентификаторы
58323
Редакция идентификаторы
AI58323_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:54

0 Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілген мәліметтерді бекіту туралы

📌 Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.03.2015 № 19-1/248 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілетін мәліметтер бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Ж.Ы. Омаров) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініште көрсетілетін мәліметтер

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 15 наурыздағы
№ 14-1/113 бұйрығымен
бекітілген
Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініште көрсетілетін мәліметтер
Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1 1. Жеке және заңды тұлғаның мәліметтері:

1 1) жеке тұлғаларды куәландыратын құжаттар, СТН (ЖСН) немесе заңды тұлғалар үшін тіркеу туралы куәлік, СТН (БСН) (№, кім және қашан берген);

2 2) мекен жайы (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон, факс);

3 3) филиалдар, өкілдіктер;

4 4) су пайдалануға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны.

2 2. Жер үсті суларын (ағызылатын сарқынды суларды, жер асты су көзін) алу және (немесе) пайдалану орындарының координаттары көрсетілген ахуалдық схемасы.

3 3. Су пайдалану мақсаты.

4 4. Су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, су пайдаланудың басқа да шарттары.

5 5. Жер үсті суларын (ағызылатын сарқынды суларды, алынатын жер асты су көзін) алу және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі (текше метр/жыл, текше метр/ай, текше метр/тәулік, литр/секунд).

6 6. Өнім бірлігіне кететін жер үсті, жер асты және сарқынды сулардың үлестік шығыстары.

7 7. Су пайдалануды бастау және аяқтаудың болжанып отырған мерзімі.

8 8. Су пайдаланушының өндірістік қызметіне сипаттама (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелерінің алаңдары).

9

9. Арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер осылар өтініш берушіде бар болса, жер үсті және жер асты суларын алу және (немесе) пайдалану жөніндегі пайдалану, өнеркәсіптік және басқа да сарқынды суларды жер беті су объектілеріне ағызу тәжірибесі).

10 10. Суды пайдалануды есепке алуға, режимдік байқаулар мен зертханалық талдаулар жүргізуге арналған жабдықтардың сипаттамалары.

Қолданыстағы