Құжат мәтініне өту

Об утверждении Программы подготовки и переподготовки авиационного персонала гражданской авиации, а также требований к владению английским языком в определенном объеме, используемом в радиотелефонной связи авиационным персоналом при выполнении международных полетов

Бұйрық · № 150 · қабылданған 17.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58324/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Программы подготовки и переподготовки авиационного персонала гражданской авиации, а также требований к владению английским языком в определенном объеме, используемом в радиотелефонной связи авиационным персоналом при выполнении международных полетов Күшін жойған Бұйрық ·№ 150 ·17.03.2011
29.11.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Программы подготовки и переподготовки авиационного персонала гражданской авиации, а также требований к владению английским языком в определенном объеме, используемом в радиотелефонной связи авиационным персоналом при выполнении международных полетов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 150 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Программы подготовки и переподготовки авиационного персонала гражданской авиации, а также требований к владению английским языком в определенном объеме, используемом в радиотелефонной связи авиационным персоналом при выполнении международных полетов
Атауы (қаз.)
Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон байланысында пайдаланатын белгілі бір көлемдегі ағылшын тілін білуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
150
Қабылданған күні
17.03.2011
Көрсетілген редакция
29.11.2016 AI58324_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006872
ЭКБ идентификаторы
58324
Редакция идентификаторы
AI58324_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:52

0 Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон байланысында пайдаланатын белгілі бір көлемдегі ағылшын тілін білуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, авиация персоналын кәсіби даярлау талаптарын біріздендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Бекітілсін:

1 1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы;

2 2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон байланысында пайдаланатын белгілі бір көлемдегі ағылшын тілін білуіне қойылатын талаптары.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4 Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 17 наурыздағы
№ 150 бұйрығына
1-қосымша
Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы
Р/с№
Пән­дер ата­уы
Ауди­то­ри­я­лық са­бақ­тар (са­ғат­та)
Ба­қы­лау ны­са­ны
1
Жал­пы және авиа­ци­я­лық ағы­л­шын ті­лі
180 (бір дең­гей­ге)
ем­ти­хан
2
Ағы­л­шын ті­лін­де­гі ра­дио­бай­ла­ныс фра­зео­ло­ги­я­сы
74
ем­ти­хан
3
Әуе заң­на­ма­сы (ха­лы­қа­ра­лық әуе құқық­та­ры негіз­де­рі, әуе қоз­ға­лы­сын­да қыз­мет көр­се­ту, ұшу­лар қа­ғи­да­ла­ры)
24
ем­ти­хан
4
Әуе на­ви­га­ци­я­сы (өл­шем бір­лік­те­рі, ра­ди­о­на­ви­га­ци­я­лық қам­та­ма­сыз ету, көз­бен шо­лу на­ви­га­ци­я­лық құ­рал­да­ры, кар­то­гра­фи­я­лық қам­та­ма­сыз ету, кү­ту ай­ма­ғын­да ұшу­лар, қо­ну­ға ас­пап­тық кі­ру­і­нің негіз­гі тә­сіл­де­рі, ха­лы­қа­ра­лық әуе же­лі­ле­рін­де бай­ла­ны­стар­ды ұй­ым­да­сты­ру, ха­лы­қа­ра­лық әуе же­лі­ле­рін­де әуе на­ви­га­ци­я­сы­ның ерекше­лік­те­рі, ха­лы­қа­ра­лық ұшу­лар­ды орын­да­у­ға ар­нал­ған анық­та­ма­лық на­ви­га­ци­я­лық оқулық­тар, эше­лон­да­удың қы­сқар­ған ин­тер­вал­да­рын пай­да­ла­на оты­рып ұшу­лар, ай­мақ­тық на­ви­га­ция және т.б.)
52
ем­ти­хан
5
Ха­лы­қа­ра­лық ұшу­лар­лар­ды ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету (ауа рай­ын ба­қы­лау және оның мә­лі­мет­те­рі, ӘҚҚ мен әу­е­ай­лақ­тың жай-күйі ту­ра­лы ақ­па­рат, ауа райы бо­лжам­да­ры, жел­дің ауыт­қуы ту­ра­лы ес­кер­ту, әуе ке­ме­ле­рі­нің борт­та­ры­нан ба­қы­ла­у­лар және жет­кі­зу­лер, әр­түр­лі гео­гра­фи­я­лық аудан­дар­дың ме­тео-және кли­мат­тық ерекше­лік­те­рі, әлем­де­гі ме­тео­ақ­па­рат­тың ерекше­лік­те­рі және т.б.)
24
ем­ти­хан
6
Із­де­уді және құт­қа­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру
4
-
7
Ха­лы­қа­ра­лық әуе та­сы­мал­да­ры
8
-
8
Ке­ден қа­ғи­да­ла­ры және ше­ка­ра­лық ба­қы­лау
4
-
Халықаралық ұшуларды орындау үшін ұшу құрамын теориялық оқыту бағдарламасының мазмұны және кәсіби деңгейді сүйемелдеу жөніндегі бағдарламаны меңгеру кезінде тікелей радиобайланысты жүзеге асыру
Р/с

Пән­дер ата­уы
Ауди­то­ри­я­лық са­бақ­тар (са­ғат­та)
Ба­қы­лау ны­са­ны
1
Жал­пы және авиа­ци­я­лық ағы­л­шын ті­лі. Ағы­л­шын ті­лін­де­гі ра­дио­бай­ла­ныс фра­зео­ло­ги­я­сы
56
ем­ти­хан
2
Әуе заң­на­ма­сы
8
ем­ти­хан
3
Әуе на­ви­га­ци­я­сы
12
ем­ти­хан
4
Авиа­ци­я­лық ме­тео­ро­ло­гия
6
ем­ти­хан
5
Із­де­уді және құт­қа­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру
4
-
6
Ха­лы­қа­ра­лық әуе та­сы­мал­да­ры
2
-
7
Ке­ден қа­ғи­да­ла­ры және ше­ка­ра­лық ба­қы­лау
2
-
Ұшу құрамын алғашқы даярлау және қайта даярлау кезінде практикалық даярлау бағдарламасының мазмұны
Р/с

Мін­дет­тер­дің маз­мұ­ны
Ұшу­лар са­ны
Уа­қы­ты (са­ғат­тар)
1
Жер үст­ін­де­гі да­яр­лау
-
4
2
Тре­на­жер­лық да­яр­лау
-
10
3
Ха­лы­қа­ра­лық әуе же­лі­ле­рін­де­гі рей­стік жат­тығ­у­лар
18
100
4
Ха­лы­қа­ра­лық ұшу­лар­ға кі­ру­ді тек­се­ру
2
-
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2011 жылғы
17 наурыздағы
№ 150 бұйрығына
2-қосымша
Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау талаптамасы, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон байланысында пайдаланатын белгілі бір көлемдегі ағылшын тілін білуіне қойылатын талаптар

1

1. Осы Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон байланысында пайдаланатын белгілі бір көлемдегі ағылшын тілін білуіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының талаптарына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ИКАО) туралы конвенцияға «Авиация персоналына куәліктер беру» 1-қосымшаға, «Әуе кемелерін пайдалану» 6-қосымшаға, «Авиациялық электр байланысы» 10-қосымшаға және «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» 11-қосымшаға сәйкес әзірленді.

2

2. Осы Талаптарда халықаралық ұшуларды орындау және қызмет көрсету үшін алғашқы даярлау, қайта даярлау және кәсіби деңгейді ұстау курстарынан өту кезінде ұшулар экипаждарының мүшелеріне және әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі - ӘҚҚ) персоналына арналған даярлау бағдарламаларының қажетті көлемдері және мазмұны көрсетілген.

3

3. Халықаралық ұшуларды орындаған кезде әуе кемесінің бортында радиотелефон байланысын жүргізетін жер үсті станцияларының персоналы, ұшақтардың, дирижабльдердің, тікұшақтардың және көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемелерінің пилоттары, сондай-ақ штурмандар жалпы және авиациялық ағылшын тілін білуін ИКАО-ның тілдерді білу білімін бағалау шкаласы бойынша 4-деңгейден төмен емес деңгейде көрсетуі қажет және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Авиация персоналына куәліктер беру» 1-қосымшаның 1.2.9.4 Халықаралық стандарттың 1-толықтыруында және «А» толықтыруында мазмұндалған радиотелефон байланысында қолданылатын төменде көрсетілген тілдерді білу талаптарына, сондай-ақ ИКАО Ассамблеялары сессиясының А37-10 қарарына сәйкес келуі тиіс:
олар үшін жазылған барлық жағдайларда ИКАО-ның стандарттық фразеологиясын қолдану;
дыбыстық (телефон/радиотелефон) байланысы үдерісінде және тікелей байланыстар кезінде еркін сөйлесу;
жалпы, нақты және жұмыспен байланысты мәселелер бойынша екі мағынада емес дәл түсіндіру;
хабарламаларды алмасу үшін және тану және түсінбеушіліктерді жою үшін жалпы немесе жұмыс тұрғысынан байланысты байланыстың тиісті әдістерін қолдану (мысалы, ақпаратты тексеру, растау немесе нақтылау арқылы);

4

4. Ағылшын тілін білу деңгейін бағалау (тестілеу) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Авиация персоналына куәліктер беру» 1-қосымшаның Халықаралық стандартының (1.2.9-бөлім, 1-тарау) 1-толықтыруында және «А» толықтыруында мазмұндалған радиотелефон байланысында қолданылатын тілдерді білу талаптарына сәйкес жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері бойынша тиісті Куәлікке біліктілік бағасы енгізіледі.

5 5. Халықаралық ұшуларды орындайтын және/немесе қызмет көрсететін авиация персоналының ИКАО-ның тілдік білімдерін бағалау шкаласы бойынша жалпы және авиациялық ағылшын тілін білу деңгейін растаудың мерзімділігі:

4-деңгей – үш жылда кем дегенде бір рет;
5-деңгей – алты жылда кем дегенде бір рет;
6-деңгей – ағылшын тілін білу деңгейін одан әрі растаудан босатылады.

6 6. Радиотелефон байланысын жүзеге асырмайтын авиация персоналы міндетті тәртіппен тестілеуден өткізілмейді.

7

7. Тестіні (тестілеу жүйесін) таңдауды ИКАО-ның тілдік білімдерін бағалау шкаласы бойынша жалпы және авиациялық ағылшын тілін білу деңгейі туралы біліктілік бағасын алуға тиіс әрбір маман дербес айқындайды. Бұл ретте тестіні (тестілеу жүйесін) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы мақұлдайды.

8

8. Халықаралық сөйлесу мақсатында ағылшын тілі қолданылатын әуе кемесінің бортында және әуежайларда өзінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру үшін ауыз екі сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында жалпы және авиациялық ағылшын тілі бойынша экипаждың басқа мүшелерін алғашқы теориялық даярлау және қайта даярлау бағдарламасы кемінде 150 академиялық сағат көлемінде жүзеге асырылады.

9 9. Алғашқы даярлау және қайта даярлау кезінде әуе қозғалысын басқару бойынша практикалық дағдыларды ағылшын тілінде пысықтау кемінде 80 академиялық сағат көлемінде диспетчерлік тренажерда жүргізіледі.

10 10. Кәсіби деңгейді ұстау кезінде, сондай-ақ дербес жұмысқа жіберу кезінде әуе қозғалысын басқару бойынша практикалық дағдыларды ағылшын тілінде пысықтау ішкі аэронавигациялық қызметтердің провайдерін кәсіби даярлау туралы ережеде, бірақ кемінде 8 сағат көлемінде айқындалады.

Қолданыстағы