Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об изменениях в административно-территориальном устройстве Иргизского района

Өзге акт · № 3 · қабылданған 23.02.2000
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5833/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об изменениях в административно-территориальном устройстве Иргизского района Мәртебесі расталмаған 14.08.2017 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об изменениях в административно-территориальном устройстве Иргизского района

Мәртебесі расталмаған Өзге акт № 3 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменениях в административно-территориальном устройстве Иргизского района
Атауы (қаз.)
Ырғыз ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
upd
Нөмірі
3
Қабылданған күні
23.02.2000
Көрсетілген редакция
14.08.2017 5833_269072.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00C000479_
ЭКБ идентификаторы
5833
Редакция идентификаторы
5833_269072
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:38
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ырғыз ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы

📌 Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтінінде «селолық», «селосы» сөздері «ауылдық», «ауылы» сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің
11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстың мәслихатының 11.12.2015
№ 359 шешімімен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы 11 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес жасалған Ырғыз ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:

1. Аманкөл ауылдық округiнiң құрамынан жалпы көлемi 210000 га аумақты шығара отырып сызба-картаға сәйкес шекарасы өзгертiлсiн.

2. Әкiмшiлiк орталығы Ырғыз ауылы Ырғыз ауылдық округi құрылсын, сызба-картаға сәйкес оның құрамына елдi мекендер мен жалпы көлемi 577839 га аумақ кiргiзiлсiн.

3. Қайтадан құрылған Ырғыз ауылдық округiн ұстау шығыны 2000 жылғы аудан әкiмi аппаратының аудан орталығын дамыту бөлiмiн ұстауға қаралған лимит көлемiнде жүргiзiлсiн.

4. Облыстық статистика басқармасы (А. Д. Мұқаев) облыстық әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.

5. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М. Н. Жекеев) ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.