Об установлении ограничения в связи со вспышкой бруцеллеза крупного рогатого скота на территории Благодарненского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничения в связи со вспышкой бруцеллеза крупного рогатого скота на территории Благодарненского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Благодарное ауылдық округі аймағында ірі қара малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 18.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2011 AI58345_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VRH00120
- ЭКБ идентификаторы
- 58345
- Редакция идентификаторы
- AI58345_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:50
0 Благодарное ауылдық округі аймағында ірі қара малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 24 қарашадағы № 05-15-1049 ұсынысы негізінде Благодарное ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Благодарное ауылдық округінің аймағында ірі қара малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.
2 2. Благодарное ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы М. Төлековке (келісімі бойынша) осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. "Үржар аудандық № 2 медициналық бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры Н. Жакияноваға (келісімі бойынша) Благодарное ауылдық округі тұрғындарының медициналық байқауын өткізу ұсынылсын.
4 4. Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Б. Нигматуллинға (келісімі бойынша) бруцеллез ауруына шалдыққан адамдарды дер кезінде анықтауға және оларды емдеу шаралары қабылдау ұсынылсын.
5 5. Благодарное ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы Т. Оразхановқа (келісімі бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
6 6. Благодарное ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық дәрігері Т. Ибраевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
7 7. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Благодарное ауылдық округінің
мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық инспекторы М. Төлеков
18 наурыз 2011 ж.
"Үржар аудандық № 2 медициналық
бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры Н. Жакиянова
18 наурыз 2011 ж.
Үржар ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы Б. Нигматуллин
18 наурыз 2011 ж.
Благодарное ауылдық округінің
учаскелік полиция инспекторы Т. Оразханов
18 наурыз 2011 ж.