Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан к призывным участкам

Өзге акт · № 208 · қабылданған 14.12.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5835/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О проведении приписки граждан к призывным участкам Күшін жойған 14.12.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О проведении приписки граждан к призывным участкам

Күшін жойған Өзге акт № 208 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан к призывным участкам
Атауы (қаз.)
Азаматтарды облыстық шақыру учаскелерiне тiркеудi өткiзу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
208
Қабылданған күні
14.12.1999
Көрсетілген редакция
14.12.1999 5835_261222.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00C000479_
ЭКБ идентификаторы
5835
Редакция идентификаторы
5835_261222
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:46
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Азаматтарды облыстық шақыру учаскелерiне тiркеудi өткiзу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды -
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің 13.06.2001 № 174 шешімімен.
"Жалпыға бiрдей Әскери мiндеттiлiк және Әскери Қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес:

1. 1983 жылы туылған жiгiттердi 2000 жылғы қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерiне тiркеу жүргiзiлсiн.

2. Қалалар мен аудандар Әкiмдерi меншiк нысанына және бағыныштылығына қарамастан, тұрғын үй-пайдалану ұйымдары, кәсiпорындар мен мекемелер, 1999 жылғы 20 желтоқсанға дейiн тиiстi қалалық, аудандық әскери комиссариаттарға шақырылуға жататын жастардың тiзiмдерiн шақыру учаскелерiне тапсырсын;

- әскери комиссариаттардың талабы бойынша, әскери мiндеттiлер мен шақырушылардың әскери комиссариаттарға шақырылғандығын хабарлауды және олардың әскери комиссариаттарға келулерiн қамтамасыз етсiн.

3. Меншiк нысанына қарамастан кәсiпорын, ұйымдар мен мекемелер басшылары, жастардың негiзгi жұмыс орындары бойынша жалақысын (стипендиясын) сақтай отырып, шақыруға дейiнгi жастарды әскери есепке алуға байланысты мiндеттерiн орындау үшiн тұрақты жұмыс iстеп жүрген орындарынан (оқуларынан) босатсын.

4. Облыс Әкiмшiлiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы (Момынов М.) қалалық және аудандық Әкiмшiлiктердiң тапсырыстары бойынша медициналық комиссияларды мамандар және дәрiгерлермен құрастырсын, қажеттi дәрi-дәрмек және дәрiгерлiк құрал-жабдықтар бөлсiн.

Жiгiттердi тiркеу барысында медициналық куәлендірудің сапалығын бақылау ұйымдастырылсын;
- медициналық мекемелердiң басшыларына шақырылуға тиiстi жастардың дер кезiнде тексерiлуiн және емделуiн қамтамасыз ету мiндеттелсiн.

5. Облыс Әкiмшiлiгiнiң бiлiм департаментi (Бәшенов Ұ.) әскери комиссариаттарға облыстық оқу орындарындағы жастарды тiркеудi ұйымшылдықпен өткiзуге ықпал жасасын.

6. Облыс Әкiмшiлiгiнiң спорт, дене тәрбиесi және саяхат департаментi (Қырықбаев П.) тiркеу барысында "Денсаулық" бағдарламасы бойынша жастардың дене шынықтыру деңгейiнiң нормативтiк талаптарға сәйкестiлiгiн тексерудi ұйымдастырсын.

7. Облыстық әскери комиссариат жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне дайындау мақсатында әскери-техникалық оқу үшiн талапкерлердi анықтасын.

8. Облыстық iшкi iстер бас басқармасы (Өзбекалиев Р.), салық полициясының басқармасы (Жақышев Е.), облыстық сот (Нұрбеков М.) әскери комиссариаттарға 1982 жылы туылған алдын ала тергеу жұмыстарын қылмысты іске тартылған жiгiттер туралы ақаратпен қамтамасыз етсiн.

Iшкi iстер органдары шақырылғандардың әскери есепке алу құжаттарында, әскери комиссариаттардың есепке тұрғызған немесе есептен шығарған белгiлерi болған жағдайда ғана оларды жергiлiктi жерлерде тiркеуге алуды немесе тiркеуден шығаруды жасасын.

9. Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны "Шымкентэнерго" (Анесов И.) есепке алу кезiнде жастарды медициналық қараудан сапалы өткiзу үшiн шақыру пункттерiн электр қуатымен қамтамасыз етiп тұрсын.

10. Қала мен аудан әкiмдерiне:

- "Жалпыға бiрдей мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңның 12 бабына сәйкес 1983 жылғы туылған жiгiттердi шақыру пункттерiне тiркеу туралы шешiм қабылдансын;
- 2000 жылғы қаңтар-наурызда 1983 жылы туылған жiгiттердi шақыру пункттерiне сапалы және толық тiркеудi өткiзуге қажеттi шараларды дайындап жасасын және өткiзсiн;
- тiркеудi ұйымдастыру және өткiзу үшiн, әскери комиссариаттар белгiленген жұмыстарды атқаруға жарамды жабдықталған үй-жайлармен, дәрi-дәрмектермен, құрал-саймандармен, медициналық және шаруашылық мүлiктермен - кезекшi автокөлiктер мен байланыс құралдарымен және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн;
Қажеттi мөлшерде медициналық және техникалық қызмет көрсетушi қызметкерлермен, сондай-ақ азаматтарды медициналық қараудан өткiзу үшiн емдеу мекемелерiнен орындар бөлiнсiн. Шақыру пункттерiнде тiркелуге тиiстi жастардың толық қамтылуына шаралар қабылдансын;
- есепке алу кезеңінде кестелер мен қолына алған повесткаларына сәйкес шақырылғандардың аудандық әскери комиссариаттарына келуiн қамтамасыз етсiн.

11. Меншiк нысанына және бағыныштылықтарына қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен оқу орындарының басшылары жастарды iссапардан (еңбек демалысынан) керi шақырып, олардың шақыру учаскелерiне дер кезiнде келулерiн қамтамасыз етсiн.

12. Тiркеудiң қорытындылары 2000 жылғы сәуiрде, қала мен аудан әкiмдерiнiң қатысуымен облыс әкiмшiлiгiнде өтетiн мәжiлiсте қаралсын.

13. Облыстық әскери комиссариат (Нұров Т.) тiркеу қорытындылары туралы ақпаратты облыс әкiмшiлiгiне 2000 жылғы 15 сәуiрге дейiн тапсырсын.

14. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары - шақыру комиссиясының төрағасы Д. Мыңбайға жүктелсiн.