О наложении ограничения на Кызыласкерский сельский округ по бруцеллезу мелкого рогатого скота
Күшін жойған
Қаулы
·№ 100/3
·
23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О наложении ограничения на Кызыласкерский сельский округ по бруцеллезу мелкого рогатого скота
- Атауы (қаз.)
- Қызыләскер ауылдық округіне ұсақ қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуін салу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 100/3
- Қабылданған күні
- 18.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2014 58369_199252.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PI000131
- ЭКБ идентификаторы
- 58369
- Редакция идентификаторы
- 58369_199252
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:33
0 Қызыләскер ауылдық округіне ұсақ қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуін салу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына және мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау туралы Ережесіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қызыләскер ауылдық округіне ұсақ қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуі салынсын.
2 2. Қызыләскер ауылдық округінің әкіміне шектеу шарттары бойынша рұқсат етілмейді:
1 1) ауылшаруашылығы малдарының барлық түрлерін Қызыләскер ауылдық округінің аумағынан басқа аумаққа айдау, жеткізу, әкелу, әкету;
2 2) ет, сүт және сүт өнімдерін шығару, әзірлеу;
3 3) шөпті дайындау және сату;
4 4) ауылшаруашылық көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу және оларға қатысу.
3 3. Лебяжі ауданының ветеринария бөлімінің бастығы ауру малды алуды және олардың жойылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлімі (келісім бойынша) аудандық орталық ауруханасымен (келісім бойынша) бірлесе ауылдық округ тұрғындары арасында алдын алу түсіндіру шараларын өткізсін.
5 5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Т. Байжановқа жүктелсін.
Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы А. Жалелов
15 ақпан 2011 жыл
Ауданық орталық аурухананыың
бас дәрігері А. Сыздықов
15 ақпан 2011 жыл