Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной дополнительной социальной помощи

Қаулы · № 1075 · қабылданған 19.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58480/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об оказании единовременной дополнительной социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 1075 ·19.04.2011
14.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной дополнительной социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 1075 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной дополнительной социальной помощи
Атауы (қаз.)
Біржолғы қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1075
Қабылданған күні
19.04.2011
Көрсетілген редакция
14.03.2013 58480_207965.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11LA000174
ЭКБ идентификаторы
58480
Редакция идентификаторы
58480_207965
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:32

0 Біржолғы қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 баптың 1 тармағының 14) тармақшасы, 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес біржолғы қосымша әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне және концлагердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға есептік көрсеткіштің 40 еселенген сомасы мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек жыл сайын берілсін.

2

2. Қала әкімдігінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 3232 "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлері туралы" қаулысының 1 тармағының 1) тармақшасының (нормативтік құқықтық актілері тіркеу тізілімінде 10-1-146 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 32 шығарылымында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бастығы П.Сыздықов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н.Жәлиевке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы