Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О создании противопожарной службы в районах Актюбинской области

Өзге акт · № 34 · қабылданған 09.03.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5852/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О создании противопожарной службы в районах Актюбинской области Қолданыста 09.03.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О создании противопожарной службы в районах Актюбинской области

Қолданыста Өзге акт № 34 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании противопожарной службы в районах Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысының аудандарында өртке қарсы қызметтерін құру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
34
Қабылданған күні
09.03.2000
Көрсетілген редакция
09.03.2000 5852_289450.kaz
Соңғы өзгеріс
09.03.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00C000485_
ЭКБ идентификаторы
5852
Редакция идентификаторы
5852_289450
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:36
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақтөбе облысының аудандарында өртке қарсы қызметтерін құру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысының Әділет департаментінің 15.02.2007 № 4-19/1525 хаты.
"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысын, "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын
жүзеге асыру және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің құрылымын жетілдіру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің Ақтөбе облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы (Ж. С. Еспаев):

1) 2000 жылғы 1-сәуірге дейін аудандық кәсіби өрт сөндіру бөлімдерін Ақтөбе облыстық мемлекеттік өртке қарсы әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімдері етіп қайта құрсын.

2) аудандардағы әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімдерін жеке құрамамен жасақтасын және аудандық буындардағы өрт сөндіру бөлімдерін қосымшаға сәйкес нөмірлесін.

2. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері Ақтөбе облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызметімен бірлесе отырып, 2000 жылдың 1-сәуіріне дейін:

1) елді мекендерді өрт қауіпсіздігінен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық бағдарламаларды;

2) әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімдерінің басқа ведомостволардың авариялық-құтқару бөлімшелерімен өзара іс-әрекетінің жоспарын жасасын және бекітсін.

3. Облыстық қаржы басқармасы (Б. Е. Жантеміров) 2001 жылы бір өрт сөндіру автомобилін сатып алуға қаржы қарастырсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.

Облыс Әкімінің 2000 жылғы

9 наурыздағы № 34 шешіміне
қосымша
Аудандардағы құрылған өрт бөлімдерінің НӨМІРІ
№ 6 өрт сөндіру бөлімі (Алға қаласы)
- № 6 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі
№ 7 өрт сөндіру бөлімі (Бөгеткөл, Қарабұлақ поселкелері)
- № 7 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі
№ 8 өрт сөндіру бөлімі (Байғанин поселкесі)
- № 8 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі
№ 9 өрт сөндіру бөлімі (Ырғыз поселкесі)
- № 9 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі
№ 10 өрт сөндіру бөлімі (Батамша, Қарғалы поселкесі)
- № 10 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі
№ 11 өрт сөндіру бөлімі (Мәртөк поселкесі)
- № 11 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі
№ 12 өрт сөндіру бөлімі (Қандыағаш, Ембі қалалары)
- № 12 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі
№ 13 өрт сөндіру бөлімі (Темір, Ембі қаласы, Шұбақұдық қала үлгісіндегі поселкесі)
- № 13 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі
№ 14 өрт сөндіру бөлімі (Ойыл поселкесі)
- № 14 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі
№ 15 өрт сөндіру бөлімі (Қобда поселкесі)
- № 15 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі
№ 16 өрт сөндіру бөлімі (Хромтау қаласы)
- № 16 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі
№ 17 өрт сөндіру бөлімі (Шалқар қаласы)
- № 17 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі