Құжат мәтініне өту

О повышении базовых ставок налога на землю

Өзге акт · № 45-185 · қабылданған 24.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58526/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О повышении базовых ставок налога на землю Күшін жойған Өзге акт ·№ 45-185 ·24.03.2011
04.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О повышении базовых ставок налога на землю

Күшін жойған Өзге акт ·№ 45-185 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О повышении базовых ставок налога на землю
Атауы (қаз.)
Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
45-185
Қабылданған күні
24.03.2011
Көрсетілген редакция
04.05.2018 58526_326320.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11DJ000143
ЭКБ идентификаторы
58526
Редакция идентификаторы
58526_326320
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:49

0 Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы

Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 386, 387–баптарына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Іле ауданының аймақтық әкімшілік жерлеріндегі, жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда), елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 50 пайызға жоғарылатылсын.

2

2. Ауылшаруашылық мақсатындағы елді мекендер, жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін, ауыл округтерінің жерлеріне жататын және Іле ауданының аймақтық әкімшілік жерлерінен басқа ауылдарының автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 50 пайызға жоғарылатылсын.

3 3. Іле ауданының әкімшілік жерлерінен басқа ауылдарының, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерге салықтың базалық ставкаларының мөлшері 10 есеге жоғарылатылсын.

4 4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН:
Іле ауданы бойынша Салық
басқармасының бастығы
Киртаев Бахытжан Mұхамеджанұлы
24 наурыз 2011 жыл

Қолданыстағы