Об установлении ограничения и введения карантинного режима в связи со вспышкой заболевания эмфизематозного карбункула среди крупного рогатого скота в селе Ново-Андреевка Ново-Андреевского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничения и введения карантинного режима в связи со вспышкой заболевания эмфизематозного карбункула среди крупного рогатого скота в селе Ново-Андреевка Ново-Андреевского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Ново-Андреевка ауылдық округінің Ново-Андреевка ауылында ірі қара малдары арасында қарасан індеті шығуына байланысты карантин режимін енгізу және шектеу қою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 08.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2011 AI58554_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VR000122
- ЭКБ идентификаторы
- 58554
- Редакция идентификаторы
- AI58554_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:36
0 Ново-Андреевка ауылдық округінің Ново-Андреевка ауылында ірі қара малдары арасында қарасан індеті шығуына байланысты карантин режимін енгізу және шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып Ново-Андреевка ауылдық округінің Ново-Андреевка ауылында ірі қара малдары арасында қарасан індетінің шығуына байланысты Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ново-Андреевка ауылдық округінің Ново-Андреевка ауылында ірі қара малдары арасында қарасан індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес карантин режимін енгізе отырып, шектеу қойылсын.
2 2. Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Б. Сатайға (келісімі бойынша) осы карантин іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Ш. Айтқазинге (келісімі бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
4 4. Ново-Андреевка ауылдық округінің әкімі Н. Ануарбековке сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы А. Бексұлтановқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Үржар ауданының бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық
инспекторы Б. Сатай
08 сәуір 2011 ж.
Үржар ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы
полиция полковнигі Ш. Айтқазин
08 сәуір 2011 ж.