Құжат мәтініне өту

Об оказании материальной помощи отдельным категориям граждан

Қаулы · № 1071 · қабылданған 20.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58579/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об оказании материальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған Қаулы ·№ 1071 ·20.04.2011
15.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании материальной помощи отдельным категориям граждан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1071 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании материальной помощи отдельным категориям граждан
Атауы (қаз.)
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1071
Қабылданған күні
20.04.2011
Көрсетілген редакция
15.08.2011 58579_207983.kaz
Соңғы өзгеріс
15.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11LA000175
ЭКБ идентификаторы
58579
Редакция идентификаторы
58579_207983
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:32

0 Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 баптың 1 тармағының 14) тармақшасы, 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 5, 6 бабының және 9 бабының 1, 2, 3 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365 "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңының 4 бабының 5 тармақшасына сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (хабар-ошарсыз кеткен) соғысқа қатысушылардың қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) және концлагердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына 66 000 (алпыс алты мың) теңгеден, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден сауықтыруға біржолғы материалдық көмек берілсін.

2

2. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға біржолғы 27 000 (жиырма жеті мың) теңгеден көмек берілсін.

3 3. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бастығы П.Сыздықов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н.Жәлиевке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы