Об утверждении перечня услуг и операции, относящиеся к аэропортовской деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня услуг и операции, относящиеся к аэропортовской деятельности
- Атауы (қаз.)
- "Әуежай қызметіне жататын қызметтер және операциялар тізбесін бекіту туралы"
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 119
- Қабылданған күні
- 05.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2017 58598_241166.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100006857
- ЭКБ идентификаторы
- 58598
- Редакция идентификаторы
- 58598_241166
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:58
0 "Әуежай қызметіне жататын қызметтер және операциялар тізбесін бекіту туралы"
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған Әуежай қызметіне жататын қызметтер және операциялар тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің төрағасы
___________ Н. Алдабергенов
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрі
_____________Ә. Құсайынов
5 Әуежай қызметіне қатысты қызметтер мен операциялар тізімі
Қазақстан Республикасы
табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2011 жылғы 3 наурыздағы
№ 81-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 5 наурыздағы
№ 119 бірлескен бұйрықтарымен
бекітілген
Әуежай қызметіне қатысты қызметтер мен операциялар тізімі
1 1. Әуе кемесінің ұшу мен қонуын қамтамасыз ету, қоса алғанда:
1 1) ұшу-қону жолағын, рульдік жолдар, перрондар беру;
2 2) әуеайлақты күту мен пайдалануды қамтамасыз ету;
3 3) әуеайлақты жарықтехникалық қамтамасыз ету;
4 4) әуежай аймағында ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;
5 5) әуенавигациялық ақпараттардың және әуе кемесінің әуежайдан ұшуының негізгі бағыты бойынша әуенавигациялық жағдайдың оперативті өзгерісін жеткізу;
6 6) ұшу бағыты бойынша желдің режимін есепке алып, авиациялық жанар-жағармай материалдарының қажетті мөлшерін дұрыс есептеуін тексеріп шығу; (соның ішінде әуежаймен орындалған жағдайда);
7 7) радиотехникалық қамтамасыз етуді (соның ішінде әуежаймен орындалған жағдайда);
8 8) метеорологиялық қамтамасыз ету (соның ішінде әуежаймен орындалған жағдайда);
9 9) жақындау жолда диспетчерлік қызмет көрсету және әуеайлақтың диспетчерлік қызмет көрсету (соның ішінде әуежаймен орындалған жағдайда);
10 10) әуежай ауданында авария және өрт апаттарын алдын-алу шараларымен қамтамасыз ету.
11 11) Жолаушылық әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағат және жүк пен жүкжолаушылық сертификаттаған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе) түсіруге жататын жүк (почта) болу кезінде алты сағат ішінде тұрақ орнын беру;
12 12) жүк және жүкжолаушылық сертификатталған әуе кемелерінің түрлері қонғаннан кейін, өңдеуге жататын жүк (почта) болу кезінде үш сағат ішінде тұрақ орнын беру;
13 13) Әуеайлақ зонасында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоспағанда қону мезетінен бастап тоқтау мезетіне дейін әуе кемесіне әуеайлақтық қызмет көрсету технологиясында көзделген басқа қызметтер.
2 2. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоса алғанда:
1 1) жолаушыларды, қол жүктерін, багаждарды, азаматтық авиациясы әуе кемелерінің экипаждары мүшелерін;
2 2) әуежайдың өткізу және ішкі объектілік режимдерін қамтамасыз ету;
3 3) әуе кемесін, пошта мен борт қорларын ұшу алдында тексеру;
4 4) әуежай күшін және құралдарын заңсыз араласу актілерін бөгеу бойынша әрекеттерге дайындықта ұстау;
5 5) әуе кемелеріне бөтен тұлғалардың өтуін болдырмайтын тұрақтарда әуе кемелерін күзету;
6 6) әуе кемесімен тасымалдауға тиым салынған қару, оқ-дәрілер, жарылғыш, радиоактивті, улы, тез тұтанғыш құралдар мен заттарды алып жүру мүмкіндігін болдырмау;
7 7) әуе кемесінің жолаушылардан бөлек бөлігінде оғы алып тасталынған күйде оларды багажда тасымалдауды қамтамасыз ететін қару мен оқ-дәрілерді тасымалдау кезінде сақтықтың ерекше шарасын енгізу;
8 8) авиақамтамасыз ету объектілерін күзету;
9 9) әуежай аймағына пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысын ұйымдастыру.
3 3. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі қосымша қызметтер, қоса алғанда:
1 1) қызметкер мен өту рұқсаты шектеулі аймаққа өтетін коммерциялық ұйымдардың көлік құралдарын тексеру және рұқсатнамалармен қамтамасыз ету;
2 2) көлік құралының өтуі үшін жолдарды күтуді қамтамасыз ету;
3 3) бақылау жүргізілетін зонада өтініш арқылы тұлғаларды алып жүру;
4 4. Басқа ұжымдардың әуежай аймағын өртке қарсы қамтамасыз ету, қоса алғанда:
1 1) персоналды ұсыну;
2 2) техникалық құрал-жабдықтарды беру;
3 3) өртті сөндіруге арналған материалдар беру;
5 5. Әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк пен жүкжолаушылық сертификаттаған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе) түсіруге жататын жүк (почта) болу кезінде алты сағаттан тыс тұрақ орнын беру:
1 1) тұрақ орнын дайындау;
2 2) Жолаушылық әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк пен жүкжолаушылық сертификаттаған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе) түсіруге жататын жүк (почта) болу кезінде алты сағаттан тыс тұрақ орнын беру;
6 6. Әуе кемесіне базалық әуеайлақтан тұрақ орнын беру, қоса алғанда:
1 1) тұрақ орнын дайындау;
2 2) әуе кемесіне базалық әуеайлақтан тұрақ орнын беру.
7 7. Жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) беру, қоса алғанда:
1 1) жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін жұмыс орнын дайындау;
2 2) жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтар және байланыс құралдары бар орын беру;
3 3) жолаушылады тіркеуді жүзеге асыру үшін терминалдағы жалпы қолданыс орнының бөлігін беру.
8 8. Жолаушыларға қызмет көрсету – жолаушыларды тіркеуді әуежай жүзеге асыратын жағдайда қызмет көрсету технологиясына сәйкес көрсетілетін қызметтер, қоса алғанда:
1 1) жолаушыларды тіркеу, багажды өлшеу мен рәсімдеу;
2 2) нормативтен тыс багажды рәсімдеу;
3 3) орталықтанған кесте құру;
4 4) бос орынның бар болуын анықтау;
5 5) тіркеу қорытындысын жүргізу;
6 6) тиеу жинақтық ведомствосын алдын-ала және нақты құру, рейстік құжаттамаларды рәсімдеу;
7 7) құжаттарды, соның ішінде бақылау талондар пакетін және рейс бойынша бір мәртелік жинақ квитанцияларын экипажға беру;
8 8) әуе кемесіне тиеуді бақылау;
9 9) тиеу үшін ұшақтың жүк бөлігі туралы мағлұмат беру;
10 10) жолаушыларды жинақтау және әуе кемесіне дейін алып жүру;
11 11) әуе кемесіне отырғызғаннан кейін жолаушылардың санын тексеру;
12 12) ұшып келген жолаушыларды күтіп алу және әуевокзалына дейін алып жүру;
13 13) багаж тиеу, түсіру және тасымалдау, сондай-ақ багажды тапсыру;
14 14) вокзал жанындағы алаңдары және әуевокзал зонасы: вестибюль, анықтама-ақпараттық аймақтарды, ғимараттар және күту аймағын, жолаушыларға қосымша қызмет көрсету ғимараттарын (ана мен бала бөлмесі, діни рәсімдер бөлмесі, медпункт, әжетхана) беру, күтіп ұстау және қызмет көрсету;
15 15) жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;
16 16) жолаушыларға багаж арбаларын беру.
9 9. Жолаушыларға қызмет көрсету – жолаушыларды тіркеуді авиакомпания өз бетімен іске асыратын жағдайда қызмет көрсету технологиясына сәйкес көрсетілетін қызметтер, мыналарды қоса алғанда:
1 1) багажды өлшеу мен ресімдеу;
2 2) нормативтен тыс багаж ресімдеу;
3 3) жолаушылар жинау;
4 4) ұшып келген жолаушыларды күтіп алу және аэровокзалға дейін сүйемелдеу;
5 5) багаж тиеу, түсіру және тасымалдау, сондай-ақ багажды беру;
6 6) вокзал маңындағы алаңдар және аэровокзал аймағындағы: вестибюль, анықтама-ақпараттық аймақтарды, үй-жайлар және күту аймағын, жолаушыларға қосымша қызмет көрсету үй-жайларын (ана мен бала бөлмесі, діни рәсімдер бөлмесі, медпункт, әжетхана) беру, күтіп ұстау және қызмет көрсету;
7 7) жолаушыларды ақпараттық қамтамасыздандыру;
8 8) жолаушыларға багаж арбасын беру.
10 10. Жолаушыларға, экипаж мүшелеріне ұзақ мерзімде тұруға арналған залдар беру;
1 1) үй-жайлар беру;
2 2) персоналын беру;
3 3) ұзақ мерзім залында жолаушыларға қызмет көрсету;
11 11. Жүкті өңдеу – келіп түскен және жөнелтілген жүктер мен пошталарды өңдеу кезінде қызмет көрсету технологиясына сәйкес көрсетілетін қызмет, қоса алғанда:
1 1) кедендік бақылау және жүк қабылдап алушыларды ескерту (халықаралық тасымалдауда);
2 2) санитарлық бақылау (халықаралық тасымалдауларда);
3 3) өлшеу және маркерлеу;
4 4) жүк алушылар бойынша сорттауды қоса алғанда қоймада сорттау, құжаттамалар рәсімдеу;
5 5) контейнерлерге және түпқоймаларға іріктеуді, бөліп іріктеуді қоса алғанда рейстер бойынша іріктеу;
6 6) жүкті жиырма төрт сағаттан артық емес аз мерзімге сақтау;
7 7) әуе кемесіне және кері тасымалдау үшін тиеу-түсіру құралына тиеу-түсіру;
8 8) әуе кемесіне және кері тасымалдау;
9 9) әуе кемесіне/ әуе кемесінен тиеу мен түсіруді бақылау;
10 10) әуе кемесіне және кері тиеу-түсіру.
11 11) әуе кемесінің бортынан ұшу құжаттамаларын тасу және жеткізу;
12 12) құжаттарды тиісті тәртіппен ішкі ережеге және халықаралық ұйымдардың регламентіне немесе тасымалдаушының өз талаптары бойынша сәйкес құру, қол қою, өткізу, келісу, тіркеу;
13 13) жүктерді пакеттеу құралы үшін қойма алаңдарын беру;
14 14) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) белгілеген талаптарына сәйкес жүкті сақтау және пакеттеу құралдарын өңдеу;
15 15) жүктерге қызмет көрсету үшін қоймалар мен жабдықтар беру;
мемлекеттік органдардың талаптары бойынша жеке тексеру үшін жүктерді беру;
16 16) мемлекеттік органдардың талаптары бойынша жеке тексеру үшін жүктерді беру;
17 17) мемлекеттік органдардың тиісті рұқсатын алғаннан кейін белгіленген тәртіп бойынша жүк алушыға немесе агентке жүкті беру;
18 18) қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес жіберілген жүк партиясының келгені туралы жүк алушыны немесе агентті хабардар ету, жүк алушыға немесе агентке жүк құжаттамасын беру;
19 19) одан әрі тасымалдау үшін жүктерді (трансферттік, транзиттік) қабылдау/дайындау;
20 20) пошталық құжаттар бойынша келген пошталарды тексеру;
21 21) трансферттік поштаны алып жүруші пошталық құжат бойынша өңдеу;
22 22) кіріс/шығыс пошталық құжаттарды беру.
12 12. Жүкті жиырма төрт сағаттан аса сақтау, қоса алғанда;
1 1) жүкті қабылдау;
2 2) жүкті сақтау;
3 3) жүкті беру.
13 13. Жарнамаларды орналастыруға орын беру; қоса алғанда:
1 1) орын беру;
2 2) персонал беру.
14 14. Әуе кемесін авиациялық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету – қызмет көрсету технологиясына сәйкес көрсетілетін қызмет, қоса алғанда:
1 1) авиациялық жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
2 2) авиациялық жанар-жағармай материалы сапасының анализі;
3 3) авиациялық жанар-жағармай материалын қабылдау, құю және жіберу;
4 4) әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай материалын құю үшін қызметкер (оператор) және техникалық жылжымалы және/немесе стационарлық құрал беру;
15 15. Авиациялық жанар-жағармай материалдарын сақтау бойынша қызметтер:
1 1) авиациялық жанар-жағармай материалын қабылдау;
2 2) авиациялық жанар-жағармай материалы сапасын талдау;
3 3) жанар-жағармай материалын сақтау;
4 4) жанар-жағармай материалын жіберу;
16 16. Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетудің транзиттік формасы бойынша қызмет көрсету – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету және әуе кемесінің типі бойынша техникалық қызмет көрсету регламентіне сай әуе кемесін ұшуға дайындау, сондай-ақ қажетті құжаттамалар рәсімдеу,қоса алғанда:
1 1) әуе кемесіне ағымдағы оперативті қызмет көрсету;
2 2) техникалық қызмет көрсету регламентін, технологиялық нұсқаулар, оперативті техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты, анықтамаларды, каталогтар мен әуе кемесінің әрбір типі бойынша басқа қажетті құжаттар беру;
3 3) әуе кемесін, соның ішінде жолаушылық салонды, асхананы, әжетхана бөлмелерін оперативті ішкі тексеруді іске асыру;
4 4) әуе кемесіне оперативті тексеру жүргізу туралы борттық мәліметтер журналына енгізу;
5 5) борттық мәліметтер журналына әуе кемесін тексеру кезінде анықталған ақаулар туралы ескертулер енгізу;
6 6) ұшу алдында әуе кемесінің үстінде мұздың жоқтығын тексеру;
7 7) әуе кемесінің ұшуға дайындығы туралы құжаттамалар рәсімдеу.
17 17. Әуе кемесін күтіп алуды – жөнелтуді қамтамасыз ету - әуе кемесін күтіп алуды – жөнелтуді қамтамасыз ету жөніндегі техникалық қызмет көрсету регламентінде көзделген міндетті жұмыстар жинағы бойынша әуе кемесінің ұшуын инженерлік–авиациялық қамтамасыз ету, қоса алғанда:
1 1) әуе кемесін тұрақ орнына қабылдау;
2 2) шасси дөңгелегінің астына тұрақ қалып орнату;
3 3) тұрақ қалыптарын тазарту;
4 4) әуе кемесінің жерге қону;
5 5) ұшақтың сөйлесу құралы немесе перрон және экипаж кабинасы арасындағы радио байланыс арқылы экипажбен байланыс орнату;
6 6) қозғалтқышты жіберуді бақылау;
7 7) әуе кемесінің тұрақ орнынан жермен жүруін бақылау;
8 8) шасси фиксаторын, қозғалтқыш қақпағын, түрлі датчиктердің тыстары орнату (алып тастау);
18 18. Жолаушыларды отырғызу/түсіру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
1 1) трапты беру;
2 2) трапты орнату;
3 3) жолаушыларға қызмет көрсету агентінің жолаушыларды отырғызуын/түсіруін бақылау;
4 4) трапты жинау.
19 19. Жолаушыларды жеткізу – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
1 1) жолаушыларды әуе кемесіне/әуе кемесінен жеткізу үшін көлік құралын беру;
2 2) жолаушыларға қызмет көрсету агентінің жолаушыларды алып жүру;
3 3) көлік құралын алып кетуді;
20 20. Жолаушылар мен әуе кемесінің экипаждарын борт қорымен қамтамасыз ету - әуе кемесін борт тамағымен қамтамасыз ету кезінде көрсетілетін қызмет, қоса алғанда:
1 1) әуе кемесінің бортына алынбалы жабдықтар мен борт ыдыстарын қабылдау және түсіру;
2 2) көлік құралына тиеу, борт тамағын кешенге (цех) жеткізу және алынбалы жабдықтар мен борттық ыдыстарды түсіру;
3 3) көлік құралына борт тамағы кешенінен (цех) борт тамағын тиеу;
4 4) арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету (автолифт және т.б.)
5 5) әуе кемесіне борт тамағын жеткізу;
6 6) әуе кемесінің бортына борт тамағын беру және тиеу.
21 21. Жолаушыларды жеке-дара алып жүру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
1 1) үй-жайларды беру;
2 2) көлік құралын беруді (шағын автобус);
3 3) жолаушыларға қызмет көрсету агентінің алып жүру;
4 4) көлік құралын алып кету.
22 22. Багаж, жүк және поштаны жеке-дара алып жүру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
1 1) техникалық құралдар (багаждық трактор, багаждық арбалар, паллеттер) мен персонал беру;
2 2) әуе кемесіне және дейін алып жүру;
3 3) техникалық құралдарды алып кету.
23 23. Экипаж жеткізу – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
1 1) техникалық құралдар (автобус, шағын автобус), қызметкер беру;
2 2) әуе кемесіне/әуе кемесінен жеткізу;
3 3) техникалық құралдарды алып кету.
24 24. Буксирлеу – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, беруді қоса алғанда:
1 1) техникалық құралдар (әуе кемесі және/немесе сүйретпе үшін су құралы);
2 2) буксирлеу су құралын әуе кемесі мен тягачқа жалғау/ажырату;
3 3) техникалық құрам (қажетті гарнитурамен);
4 4) буксирлеу аяқталғанда техникалық құралды алып кетуді.
25 25. Ішкі тазалау – жолаушылар салонын, есік учаскелерін, алғы және артқы кабиналарды, экипаждар, залдар, барлар, буфеттер, асханалар, санузелдер (әжетханалар), терезелер бөліктерін, жүк бөліктерін, вертибюлаларды тазалау технологиясында көзделген жұмыстар жиынтығы, қоса алғанда:
1 1) күл сауыттарды тазарту;
2 2) әуе кемесіндегі қоқысты жинау;
3 3) орындықтың арқа қалталарынан және жоғарыдағы багаж орындарынан қоқыстарды жою;
4 4) орындықтарды жуу;
5 5) жолаушылар орындықтары мен жалғаспалы жабдықтарды тазалау және тәртіпке келтіру;
6 6) еденді тазалау (кілемдерді және айналадағы шалағайларды);
7 7) борттық буфеттердегі, асхана мен әжетханадағы жабдықтардың үстін және жабдықтарын ылғалдап тазалау;
8 8) әуе ауруынан, азық-түліктердің шашылуынан, азық-түліктердің төгілуінен және дақтардан болған түрлі ластануларды жою;
9 9) қоқысты шығару және пайдаға асыру.
26
26. Әуе кемесінің санузелдеріне (әжетханаларына) қызмет көрсету - әуе кемесінің санузелдеріне (әжетханаларына) құюды (босату, тазалау, жуу) және санузелдер (әжетханалар) жеткізуді, қалдықтарды жою мен пайдаға асыруды қоса алғанда, қызмет көрсету бойынша жұмыстар жиынтығының қамтамасыз ету, қоса алғанда: