Құжат мәтініне өту

О порядке предоставления недр для геологического изучения, добычи полезных ископаемых и пользования в иных целях

Қаулы · № 377 · қабылданған 12.04.1994
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-586/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О порядке предоставления недр для геологического изучения, добычи полезных ископаемых и пользования в иных целях Күшін жойған Қаулы ·№ 377 ·12.04.1994
04.05.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О порядке предоставления недр для геологического изучения, добычи полезных ископаемых и пользования в иных целях

Күшін жойған Қаулы ·№ 377 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке предоставления недр для геологического изучения, добычи полезных ископаемых и пользования в иных целях
Атауы (қаз.)
Жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалы қазбалар өндіру және өзге мақсаттарға пайдалану үшін беру тәртібі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
377
Қабылданған күні
12.04.1994
Көрсетілген редакция
04.05.2008 AI586_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P940000377_
ЭКБ идентификаторы
586
Редакция идентификаторы
AI586_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:40

0 Жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалы қазбалар өндіру және өзге мақсаттарға пайдалану үшін беру тәртібі туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.05.04 № 406 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбаларын өндiру үшiн жер қойнауын пайдалануды ретке келтiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1994 жылғы 5 сәуiрдегi N 1637 Жарлығын орындау үшiн және жер қойнауын игеруге отандық және шетел инвестицияларын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1 1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жер қойнауын барлауға және (немесе) пайдалы қазбаларын өндiруге беру (лицензиялау) және жер қойнауын өзге мақсаттарға пайдалану жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жұмыс органы болып белгiленсiн.

2 2. Былай деп белгiленсiн:

жер қойнауын геологиялық зерделеуге және (немесе) пайдалы қазбаларын өндiруге Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi, ал кең таралған жалпы пайдалы қазбалар бойынша, соның iшiнде өз аумақтарында құрылыс жүргiзушi құрылыс ұйымдарына жер қойнауын басымдық тәртiбiмен Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң аймақтық басқармаларының ұсынуы бойынша облыстардың әкiмдерi бередi. Барлық жағдайда да лицензия Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан берiледi.
жер қойнауын пайдалану (немесе жер қойнауының учаскесiн барлау жүргiзуге қосу және (немесе) (пайдалы қазбалар өндiру) құқығын (лицензиясын) алу үшiн барлық министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi әкiмдер, заңды және жеке тұлғалар, оның iшiнде шетелдiк тұлғалар Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне, ал кең таралған жалпы пайдалы қазбалар кен орындары бойынша Үкiметтiң немесе облыс әкiмдерiнiң тиiстi шешiмiн дайындау үшiн аумақтық басқармаларына өтiнiмдер беруге тиiс.
Өтiнiмдер берiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қаралуға және олар қабылданғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң арнаулы журналында (бюллетенiнде) жариялануға тиiс.

3

3. Жер қойнауын пайдалану шарттары мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге алынуға және олар Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне, ал кең таралған жалпы пайдалы қазбалар бойынша оның аумақтық басқармаларына сақтауға берiлуге тиiс. Тiркеу фактiсi арнаулы актiмен куәландырылады. Жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiмен немесе жергiлiктi әкiмдермен бұрын келiсiмдер (шарттар, контракттар) жасасқан шетелдiк компаниялар жер қойнауын пайдалану шарттарын бiр ай мерзiм iшiнде тiркетiп, түп нұсқасын Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне немесе оның аумақтық басқармаларына мемлекеттiк сақтауға тапсырсын.

4 4. Пайдалы қазбалар учаскелерiн немесе кен орындарын барлауға және (немесе) игеруге инвестициялар тарту үшiн Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi мiндеттi түрде пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндiруге лицензия алу құқығына конкурс ұйымдастыратын болсын.

Халықаралық конкурстар мен олардың шарттарын Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жариялайды.
Жер қойнауын пайдалануға үкiмет лицензиясын алған тұлғамен келiссөз жүргiзу мен келiсiм (контракт) дайындауды әрбiр нақтылы жағдайда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген құзырлы орган жүзеге асырады.

5 5. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi 1994 жылғы 1 маусымға дейiн Жер қойнауын пайдалануды лицензиялау туралы Ереже әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне табыс етсiн.

Қолданыстағы