Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил содержании кошек и собак в населенных пунктах Мойынкумского района

Ереже · № 36-9 · қабылданған 28.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58614/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил содержании кошек и собак в населенных пунктах Мойынкумского района Күшін жойған Ереже ·№ 36-9 ·28.03.2011
23.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил содержании кошек и собак в населенных пунктах Мойынкумского района

Күшін жойған Ереже ·№ 36-9 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил содержании кошек и собак в населенных пунктах Мойынкумского района
Атауы (қаз.)
Мойынқұм ауданы елді мекендерінде мысықтар мен иттер ұстау ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36-9
Қабылданған күні
28.03.2011
Қолданысқа енгізілген күні
18.05.2011
Көрсетілген редакция
23.07.2012 AI58614_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11GG000069
ЭКБ идентификаторы
58614
Редакция идентификаторы
AI58614_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:46

0 Мойынқұм ауданы елді мекендерінде мысықтар мен иттер ұстау ережелерін бекіту туралы

«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2 тармағына және 311- бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған Мойынқұм ауданы елді мекендерінде мысықтар мен иттерді ұстау ережелерi бекiтiлсiн.

2 2. Осы Шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Мойынқұм аудан елді мекендерінде мысықтар мен иттерді ұстау Ережелерi

Мойынқұм аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 36-9 шешімімен бекітілген
Мойынқұм аудан елді мекендерінде мысықтар мен иттерді ұстау
Ережелерi

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ережелер Мойынқұм ауданы елді мекендерінде мысықтар мен иттердi ұстауды белгiлеу мақсатында әзiрленген.

2 2. Ережелер меншiк түрiне қарамастан иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.

3

3. Осы Ережелер "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрленген.

2 2-тарау. Иттердi және мысықтарды ұстау тәртiбi

4 4. Иттер және мысықтар жеке ветеринарлық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендiрiледi.

5 5. Иттер мен мысықтарды беру, сату, сатып алу, сонымен қатар қала, облыс және республикадан тысқары, шығару, кiргiзу, олардың «құтыруға қарсы егiлген» белгiсi бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етiледi.

6 6. Келесiлерге жол берiлмейдi:

1 1) иттер мен мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң аулаларында, балалар ойнайтын алаңдарында серуендетуге;

2 2) иттердi тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;

3 3) мас күйiндегi тұлғалар мен 14 жасқа толмаған балаларға иттердi серуендетуге;

4 4) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және су алу орындарында иттер мен мысықтарды шомылдыруға;

5 5) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;

6 6) тiркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;

7 7) иттер мен мысықтарды оның терiсiн пайдалануға, етiн тұтынуға, өңдеу және сату үшiн оларды ұстауға немесе аулауға;

8

8) Мойынқұм ауданы аумағында иттердi таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге, (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi көздейтiн iс шаралардан басқа).

9 9) иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланатын орындарында және жатақханаларында ұстауға.

7 7. Адамдарды немесе жануарларды тiстеген иттер және мысықтар тез арада оқшаулау және бақылау үшiн жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесiне жеткiзiледi.

8 8. Иттердi және мысықтарды ұстау ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге, сондай-ақ олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сәйкес және iзгiлiктi қарауда жүзеге асырылады.

9 9. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Ереженiң талаптарын орындаған жағдайда мыналарға рұқсат берiледi:

1

1) көппәтерлi тұрғын үйдегi бiр отбасы пәтерiнде iрi және орта тұқымды екi иттi және екi мысықты үш айға дейiнгi ұрпақтарын қоса ұстауға. (Жасы үш айдан асқан күшiктер мен мысықтар жаңа иелерiне немесе қаңғыбас жануарларды аулау және ұстаумен шұғылданатын арнайы мекемеге беруiлуi тиiс. Күшiктер мен мысықтарды жаңа иелерiне беру жануардың ветеринариялық төлқұжатымен қоса жүзеге асырылады.);

2 2) бiрнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтер), тек өзiнiң жанұясы тұратын тұрғын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келiсiмi бойынша көршiлердiң дәрiгерлiк керi көрсеткiшi (ұшыну) болмаса екi ит пен мысықтарды тек өзi тұратын тұрғын жайда ұстауға.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

10 10. Осы Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес белгiленедi.

Қолданыстағы