Об установлении ограничительных мероприятий на территории Черниговского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории Черниговского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Черниговское селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 09/01
- Қабылданған күні
- 28.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.01.2012 58624_215797.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KN000144
- ЭКБ идентификаторы
- 58624
- Редакция идентификаторы
- 58624_215797
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:28
0 Черниговское селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ірі қара және ұсақ малдың ауруына байланысты (бруцеллез) Черниговское селолық округінің аумағында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 14 қарашадағы "Жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi түрде орындайтын ветеринариялық шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру Ережесiн бекiту туралы" N 367 бұйрығымен бекітілген Жеке және Заңды тұлғалардың мiндеттi түрде орындайтын ветеринариялық іс-шараларының Ережесiнің 7 тармағымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 18 желтоқсанда N 2088 тіркелді) көзделген талаптарына сәйкес ірі қара және ұсақ мал иелері шектеулі іс-шараларын орындау бойынша шаралар қабылдасын.
3
3. Нұра ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөліміне жануарлардың (бруцеллез) жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу және анықталған эпизоотиялық ошақтың ветеринария-санитарлық салауаттылығына жету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ереженi бекiту туралы" N 632 бұйрығымен (бұдан әрі-Бұйрық) бекітілген жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық ережелерінің 9 тарауында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 9 желтоқсанда N 3252 тіркелді) көрсетілген қажет ветеринарлық-санитарлық шараларды өткізсін.
4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Әрінов Еркін Пшенбайұлына (келісім бойынша) Бұйрықпен бекітілген жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық ережелерінің 9 тарауында көзделген шектеулі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байдолла Қараұлы Шайжановқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
Е.П. Әрінов
28.04.2011 жыл