Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил передачи в доверительное управление предприятий и государственных пакетов акций акционерных обществ

Қаулы · № 819 · қабылданған 09.03.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5863/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил передачи в доверительное управление предприятий и государственных пакетов акций акционерных обществ Күшін жойған 09.03.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил передачи в доверительное управление предприятий и государственных пакетов акций акционерных обществ

Күшін жойған Қаулы № 819 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил передачи в доверительное управление предприятий и государственных пакетов акций акционерных обществ
Атауы (қаз.)
Кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімді басқаруға беру Ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
819
Қабылданған күні
09.03.2000
Көрсетілген редакция
09.03.2000 5863_254637.kaz
Соңғы өзгеріс
09.03.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00V0000285
ЭКБ идентификаторы
5863
Редакция идентификаторы
5863_254637
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:36
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімді басқаруға беру Ережелерін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 445 қаулысымен.
"Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  Қаулысына  және "Кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнiң 1998 жылғы 22 қазандағы N 618  Қаулысына  сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:

1. Қоса берiлiп отырған коммуналдық меншiкке жататын Кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру ережелерi бекiтiлсiн.

2. Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы (Ж.Қ. Егiзбаев) Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет басқармасында "Кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру ережелерiн" тiркесiн.

3. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары М.Қ. Татаевқа жүктелсiн.

4 Коммуналдық меншiкке жататын кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру

Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң
2000 жылғы 9 наурыз N 819
шешiмiмен БЕКIТIЛДI
Коммуналдық меншiкке жататын кәсiпорындарды және
акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн
сенiмдi басқаруға беру
ЕРЕЖЕЛЕРI

1. Негiзгi ұғымдар

Осы Ережелерде келесi ұғымдар қолданылады:

1) Басқарма - Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне қатысты мемлекеттiң мүддесiн бiлдiруге өкiлеттiк берiлген Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы;

2) Қатысушы - қажеттi материалдарды табыс еткен және ұсынылған шарттар негiзiнде контракт жасасуға келiсiм берген жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға;

3) Объект - мемлекеттiк кәсiпорын, мүлiктiк кешен, коммуналдық меншiкке жататын және сенiмдi басқаруға берiлетiн акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетi;

4) Өтiнiм - қажеттi құжаттардың белгiлi жиынтығы, сондай-ақ Басқарма ұсынған контракт шарттарын орындауға және контракт жасасуға Қатысушының келiсiмi;

5) Тендерлiк комиссия - Объектiнi басқаруға контракт жасасу жөнiндегi тендердi ұйымдастыру үшiн құрылған орган;

6) Басқарушы - Басқармамен контракт жасасқан тендер жеңiмпазы.

2. Жалпы ережелер

Осы Ережелер "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес әзiрлендi және Басқармамен Объектiнi сенiмдi басқаруға кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) беруге контрактiлердi жасасу (бұдан әрi - контракт) тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Басқарушымен контрактiнiң шарттарын орындалуын бақылау механизмдерiн белгiлейдi. Контракт жасасу мемлекеттiң объектiнi иелену, пайдалану және басқару (билiк ету құқығысыз) тендердi жеңген қатысушыға Объектiге қатысты тиiстi түрде ресiмделген белгiлi шарттарды орындау талап етiлген кезде тапсыруды ресiмдеу болып табылады.

3. Тендерлiк комиссияны қалыптастыру

Басқарма тендерлiк комиссияны қалыптастырады, оның құрамына:

1) Басқарманың;

2) Облыстық салалық басқарманың;

3) Облыстық қаржы басқармасының;

4) ШҚО салық комитетiнiң;

5) Облыстық экономика комитетiнiң;

6) Тиiстi аудан Әкiмшiлiктерiнiң өкiлдерi енгiзiледi.

Жоғарыда көрсетiлген өкiлдер тендерлiк комиссияның жұмысына тиiстi түрде ресiмделген сенiмхат негiзiнде қатысуға тиiс. Басқарманың өкiлi тендерлiк комиссияның төрағасы болып табылады.
Тендерлiк комиссия:

1) белгiленген тәртiпте басқаруға берiлетiн Объектiлер туралы ақпараттық хабарлама жариялауды ұйымдастырады;

2) өз жұмысының регламентiн әзiрлейдi және бекiтедi;

3) қажеттi болған жағдайда өз жұмысына консультативтiк фирмаларды тартады;

4) тендерлiк комиссияға тапсыруға қажеттi N 1 қосымшадағы нысанға сәйкес ресiмделген құжаттарды қабылдайды және жедел түрде тiркейдi. Тапсырылған құжаттардағы кемшiлiктердi жою үшiн қысқа мерзiмде тиiстi шаралар қолдану қажеттiлiгi туралы Қатысушыларға хабарлайды. Басқа қалада тұратын Қатысушылар үшiн өтiнiм жiберген күннiң пошта белгiсi тiркеу күнi болып саналады;

5) Қатысушыларға осы Ережелердi танысу үшiн табыс етедi;

6) өтiнiш берушi тендер Қатысушысы болып танылғаны туралы N 2 қосымшадағы нысанға сәйкес немесе себебiн көрсетiп тендерге қатысушы деп тануға бас тартқандығы туралы оған хабарлайды;

7) тендердiң жеңiмпазын анықтайды;

8) тендер қорытындысы туралы хаттамаға қол қояды.

4. Объектiнi тендерге дайындау

Басқарма Объектiнi сенiмдi басқаруға беру туралы шешiм қабылдаған соң салалық басқармалар және Әкiмшiлiк комитеттерi соңғы 2 (екi) жыл iшiндегi шаруашылық және қаржы ахуалы туралы ақпаратты тендерлiк комиссияға тендердi өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап санағанда 15 күнтiзбелiк күн iшiнде тапсырады.

5. Тендердi өткiзу туралы хабарлама

Тендерлiк комиссия Объектiлер туралы хабарламаны баспасөзде жариялау арқылы жеткiзедi.
Тендердi өткiзу туралы хабарлама оны өткiзуге 30 күннен кем емес уақыт қалғанда жергiлiкті баспасөзде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялануға тиiс. Хабарламаның нәтижесiн жақсарту мақсатында ол қосымша республикалық басылымдарда жариялануы мүмкiн.
Хабарлама жарияланғаннан кейiн Басқарма барлық өтiнiш бiлдiрушiлерге басқаруға берiлетiн объект туралы ақпаратпен еркiн танысуға жол бередi.

6. Қатысушыларға қойылатын талаптар

Тендерге өтiнiм мен басқа құжаттарды уақытылы тапсырған жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар қатыса алады. Одан басқа, өтiнiш берген жеке тұлғаның тиiстi бiлiмi және сол немесе тектес салада тәжiрибесi болуға тиiс, ал заңды тұлғаның объектiнi басқару үшiн жоғарыда көрсетiлген талаптарға сәйкес өкiлi болуға тиiс.
Тендерге қатысу үшiн тендерлiк комиссияға табыс етiлетiн құжаттар:

1) тендерге қатысуға өтiнiм, N 1 қосымшаға сәйкес;

2) инвестициялық жобалар негiздемесiнiң әдiстемесiне сәйкес экономикалық және коммерциялық есеп айырысуымен техникалық-экономикалық негiздеме;

3) бизнес-жоспар;

4) жеке конвертке салынған тендер шарттары туралы жазбаша түрдегi ұсыныстар;

5) қатысушының қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар;

6) осы Ережелермен танысқаны туралы тиiстi түрде ресiмделген қолхат.

Заңды тұлғалар сонымен қоса нотариуспен куәландырылған құрылтайшы құжаттарды, сондай-ақ тиiстi органдарда мемлекеттiк тiркеуден өткенiн растайтын құжаттарды тапсырады.
Өтiнiмдердi қабылдау тендердi өткiзетiн күннен 1 күн бұрын сағат 18-де аяқталады. Белгiленген мерзiм өткен соң өтiнiмдердi және құжаттарды қабылдау тоқтатылады.
Тендерлiк комиссия құжаттарды алған соң өтiнiм бiлдiрушiге өтiнiм тiркеген күндi көрсетiп, оның тендерге қатысуы туралы хабарлама жiбередi.
Өтiнiмдерi қарауға қабылданбаған немесе керi қайтарылған өтiнiм бiлдiрушiлер 7 күн iшiнде себептерi көрсетiп хабарландырылады.
Тендерге қатысуға өтiнiм берген қатысушылар туралы мәлiметтер жарияланбайды.
Тендерге қатысушы өз өтiнiмiн тендердi өткiзуге белгiленген мерзiмге дейiн өз ұсынысын керi қайтара алады, бұл туралы ол тендер басталғанға дейiн 3 күннен кем емес уақыт қалғанда хабарлайды.
Тендерге қатысушылардың кепiлдiк жарнасы тендердi ұйымдастыруға шыққан шығындардың орнын толтыруға жұмсалады, соның iшiнде:

1) консалтингтiк фирмалардың жеке жобалар әзiрлеу бойынша қызметi;

2) даулы мәселелер бойынша орындарға бару және мемлекеттiк заңды тұлғаларды немесе мемлекет қатысуы бар заңды тұлғаларды құру туралы шешiм қабылдау, оларды қайта ұйымдастыру, тарату, объектiлерге оңалту процедурасын жүргiзу үшiн кепiлдiкке, жалға, арендаға, сенiмдi басқаруға, жекешелендiруге беру контрактiлерiне (шарттарға, келiсiмдерге) қол қою жолымен мәселелердi шешу үшiн шығатын iссапар шығындары.

3) қалааралық телефон сөйлесулерiн төлеу;

4) объектiнi күзетуге төлеу;

5) көлiкке төлеу;

6) жарнамалық және ақпараттық қамтамасыз ету шығындары;

7) қағаз, бланкiлер, кеңсе жабдықтарын, компьютерге қосалқы бөлшектер сатып алу, құжаттарды түптеу, жабдықтарды, техниканы жөндеу;

8) тендердi өткiзуге тiкелей қатысқан және жұмыс уақытынан тыс жұмыс iстеген жұмысшыларды материалдық көтермелеу.

Тендердi ұйымдастыруға және өткiзуге шығатын шығын орнын толтыру үшiн тендердiң жеңiмпазы болмаған қатысушының кепiлдiк жарнасынан 10 пайыз сома ұсталынып қайтарылады. Кепiлақының (кепiлдiктiң) қалған сомасы тендердiң жеңiмпазы анықталған күннен бастап санағанда 20 банк күнi iшiнде Қатысушыларға қайтарылады.
Тендердi жеңген Қатысушыға кепiлдiк жарна қайтарылмайды.

7. Тендердi өткiзу тәртiбi

Тендерлiк комиссия Қатысушылардың ұсыныстарын жеңiмпазды анықтау критерийiне орай қарайды. Тендерлiк комиссия бизнес-жоспардың тәуелсiз сараптамасын өткiзуге құқылы. Сараптама Әкiмшiлiктiң салалық басқармасының басшылығымен құрылады және оның құрамына облыстық қаржы басқармасының және басқа да мүдделi комитеттер мен басқармалардың өкiлдерi кiредi. Сараптама жүргiзу мерзiмi 15 күнмен шектеледi.
Тендерлiк комиссияның шешiмi дауыстардың қарапайым көпшiлiгiмен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда тендерлiк комиссия Қатысушыларды келiссөзге шақырып олардың келiсiмiмен жеңiмпазды анықтау үшiн қосымша тендер өткiзуге құқылы. Бұл жағдайда объект жұмысын жақсартуға бағытталған қосымша ұсыныс жасаған Қатысушы жеңiмпаз болып танылады.
Тендерлiк комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оған тендерлiк комиссияның мүшелерi және тендердiң жеңiмпазы қол қояды.
Комиссия мүшесi өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiрiп оны хаттамаға қоса беруге құқылы, бұл туралы соңғысында белгi жасалады. Тендерге қатысушылар жеңiмпаз жарияланған соң 30 күнтiзбелiк күн iшiнде тендердiң қорытындысына өзiнiң наразылығын бiлдiре алады.
Тендердiң қорытындыларын Басқарма 5 күнтiзбелiк күн iшiнде бекiтедi. Тендерге қатысуға өтiнiм түспеген жағдайда немесе тендерлiк комиссия жеңiмпаз жоқ деп шешiм қабылдаған жағдайда Басқарма тиiстi комиссияға тендер шартын өзгерту туралы ұсыныс жасап жаңа тендер жариялауға құқылы.

8. Контракт жасасу

Басқарма тендер қорытындыларын бекiткеннен кейiн тараптар объектiнi басқару контрактiсiне 10 күннен кешiктiрмей қол қоюға тиiс. Басқарма және тендер жеңiмпазы арасында жасасылған контракт N 3 қосымшаға сәйкес жасалады.
Тараптар қол қойған Объектiнi басқару құқығын қабылдау-тапсыру актiсi контрактiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.

9. Контракт шарттары

Контрактiнiң негiзгi шарттары:

1) өндiрiстiң бағытын, көлемiн белгiлi деңгейде сақтау немесе оны кейiн көбейту;

2) Объектiнiң мүлiктiк кешенiне кiретiн әлеуметтiк сала объектiлерiн қаржыландыру және ұстау;

3) барлық немесе контрактiде белгiленген жұмыс орындарын сақтау;

4) әлеуметтiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету, Объектiдегi жұмысшылар өмiрiн және денсаулығын өндiрiстiк жарақаттанудан сақтандыру;

5) Объектiнiң мүлкiн өрттен, жарылыстардан, апаттардан, табиғи апаттардан сақтандыру;

6) өнiмнiң сапасын және бәсекеге жарамдылығын көтеру, өндiрiс шығынын төмендету;

7) қабылдау-тапсыру актiсiне қол қойылған сәттегi барлық қарыздарын жою (өтеу);

8) жер қойнауы, қоршаған орта және еңбектi қорғау нормалары мен ережелерiн сақтау;

9) қаржы қаражат тарту жөнiндегi мiндеттемелер: несие-тауарлық құралдарға, айналымдағы қаражатқа, инвестициялық;

10) монополияға қарсы реттеуге жататын шығаратын өнiм (тауар, қызмет) бағасының деңгейi жөнiнде мiндеттемелер;

11) отандық тауар өндiрушiлер үшiн өзара тиiмдi баға бойынша iшкi рынок қажеттiлiгiн қанағаттандыру жөнiндегi мiндеттемелер;

12) басқарушы фирмалардың ортақ және ұзақ мерзiмге инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелерi мен құқықтары, аймақтар мен салалардың мемлекеттiк инвестициялық стратегиясына сәйкес келу;

13) басқарушы фирмалардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн объектiнi қайта құрылымдау толық бағдарламасы бойынша ұсыныс;

14) объектiнi жұмылдыру қуатын қолдау;

15) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге өнiмдердi орташа нарық бағасы деңгейiнен төмен емес бағаға өткiзу;

16) Тиелiнетiн өнiмге алдын ала төлегенде шегерiм пайызы әлемдiк стандарттарға сәйкестiгi жөнiндегi мiндеттемелер;

тау-металлургия кешенi үшiн, сондай-ақ:

1) тау-кен кешенiнiң объектiлерiн дамытудың Бас сызбасына сәйкес тау жұмыстарын жүргiзу;

2) алуға дайындалған немесе дайын ашылған запастардың нормативтерiн сақтау, сондай-ақ пайдалы компоненттерді алу және өңдеу толықтығын қамтамасыз ету;

3) дәстүрлi, әсiресе ұлттық шикiзат материалдар берушiлерiмен және тұтынушыларымен шарттық қатынасты нығайту.

Объектiнiң ерекшелiгiне байланысты әр бiр жеке жағдайда талаптарды өзгертiлуi және толықтырылуы мүмкiн. Сонымен бiрге тендерлiк комиссия өнеркәсiптiк сектордың құрылымдық-салалық қажеттiлiгiне байланысты контрактiнi сенiмдi басқаруға:

1) акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетi және серiктестiктерге қатысудың мемлекеттiк үлесi;

2) коммуналдық меншiктiң кәсiпорындары мен жеке объектiлерi берiлетiндiгiн ескередi.

10. Контракт мерзiмi

Басқарма мен Басқарушы арасындағы контракт оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi. Мерзiмдi санау Басқарма Басқарушыға объектiнi тапсырған күннен бастап саналады.
Өнеркәсiптiк сектордың құрылымдық-салалық маңызына қарай контракт 10 жылға дейiнгi мерзiмге жасасылады.

11. Ерекше шарттар

Контракт шарттарын тиiстi түрде орындағаны үшiн Басқарушыға Объектiнi сатып алуға басымды құқық берiлуi мүмкiн. Объектiнi сатып алу мерзiмiн және оның бағасының мөлшерiн Басқарма белгiлейдi, олар контрактiде көзделедi.

12. Тараптардың жауапкершiлiгi

Контракт бойынша мiндеттемелердi орындамаған және\немесе тиiстi түрде орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
Контрактiнiң талаптары мен шарттарын бұзатын тiкелей немесе жасырын нысанда жасалған мәмiлелер жарамсыз деп танылады, ал олардың жасалуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
Жауапкершiлiкке тартылу кiнәлi тұлғаларды келтiрiлген залалдың орнын толтырудан босатпайды.
Осы Ережеде көрсетiлген негiздер бойынша контракт бұзылған жағдайда, кiнәлi тарап екiншi тараптан осындай бұзу салдарынан болған материалдық залалдарды қосқанда барлық тiкелей залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы.

13. Форс-мажор

Тежеусiз күш жағдайының (форс-мажор) салдарынан тараптар мiндеттерiн толық немесе iшiнара орындамаған жағдайда, сондай-ақ жасасылған контракт бойынша оларды орындауда кiдiрiс болған жағдайда, олар жауапкершiлiктен босатылады. Тежеусiз күш жағдайларына тараптарды бақылау шегiнен шығатын кез-келген оқиғалар жатады, нақты айтқанда: әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, зiл-залалар (тасқын, жер сiлкiну т.б.).
Форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда зәбiрленушi тарап дереу, жазбаша түрде оқиғаның басталған күнiн көрсетiп бұл туралы екiншi тарапқа хабарлама беруге және форс-мажорлық жағдайды растауды табыс етуге тиiс.
Жасасылған контракт жағдайлары бойынша мiндеттемелердi орындау форс-мажорлық жағдай әрекет еткен мерзiмге шегерiледi.

14. Контракт шарттарының орындалуын бақылау

Контракт шарттарын орындауға бақылау жасауды Басқарма жүзеге асырады. Осы мақсатпен Басқарма Басқарушы фирмаларының мiндеттемелерiн ескерiп жасасылған контрактiге сәйкес өз жұмысын ұйымдастыратын жұмыс тобын құрады. Басқарушы фирма жұмыс тобының қарауына құжаттарды (есептердi) белгiленген мерзiмде және бекiтiлген нысандар бойынша табыс етедi.

15. Контрактiнiң қолдануын тоқтату шарттары

Контракт өз қолдануын келесi себептердiң бiрi бойынша тоқтатады:

1) контрактiнiң қолдану мерзiмi аяқталған жағдайда, егер оның қолдануы тараптардың келiсуi бойынша ұзартылмаса;

2) тараптардың бiреуi контракт шарттарын орындамайды немесе бұзады, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес тежеусiз күш оқиғаларымен байланысты жағдайларда, осы Ереженi "форс-мажор" бөлiмiнiң 1 тармағына сәйкес жағдайлардан басқасы;

3) тараптардың бiреуi өз мүддесiнiң бөлiгiн үшiншi тарапқа екiншi тараптың келiсiмiсiз қайта табыстаған жағдайда;

4) соттың тиiстi шешiмiнiң негiзiнде.

Басқарушы контрактiде белгiленген мерзiмде объектiнiң жұмысын қамтамасыз ету бойынша мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда Басқарма оған 15 күн бұрын ескертiп, бiр жақты түрде бұзуға құқылы.

16. Дауларды шешу

Осы Ережелерде реттелмеген мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
Объектiнi және\немесе акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқару құқығын беру кезiнде пайда болған дауларды тараптар өзара келiсiп қарайды, немесе сот тәртiбi бойынша тараптар 60 (алпыс) күн iшiнде оларды шешуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, олар түпкiлiктi шешуiн табу үшiн тиiстi сот органына берiледi. Осы органның шешiмi екi тарап үшiн түпкiлiктi болып табылады.
Облыстық коммуналдық меншiк
басқармасының бастығы
Ж. Егізбаев

80 Тендерге қатысуға өтiнiм

N 1 қосымша
Тендерлiк комиссияның төрағасы
_____________________________
Тендерге қатысуға өтiнiм
(жеке немесе заңды тұлғамен толтырылады)

1. Акцияларының мемлекеттiк пакетi сенiмдi басқаруға берiлетiн

___________________________________________________________
(объектiнiң толық атауы)
туралы  ______________________________________________________
(басылым атауы, N және шыққан күнi)
жарияланған ақпараттық хабарламаны және оны сенiмдi басқаруға беру шарттарын зерделеп, мен (бiз) контрактiге қол қоюға өкiлеттi төменде қол қоюшы(лар) ______________________ ұсынылған шарттар негiзiнде және осы өтiнiмге қоса берiлген менiң (бiздiң) ұсыныстарым(ызғ)а сәйкес объектiнi сенiмдi басқаруға контракт жасасуға келiсемiн(мiз).

2. Менiң (бiздiң) ұсыныстарым(ыз) қабылданған жағдайда тендердiң қорытындысы жарияланған сәттен кейiн 10 күннен кешiктiрмей контракт жасасуға мiндеттенемiн(мiз).

3. Менiң (бiздiң) ұсыныстарым(ыз) қабылданғаны туралы Сiздiң жазбаша хабарламаңыз және өтiнiм контрактiге қол қойылғанға дейiн өзара шарт күшi бар деп саналатын болады.

4. Шешiмдi және тендер қорытындыларын мына мекен-жайға жiберуiңiздi сұраймын(мыз): ______________________________________________

Осы өтiнiмге келесi құжаттар қоса берiледi:
___________________________________________________________
(Ереженiң "Қатысушыға қойылатын талаптар" тарауының 2 тармағына сәйкес)
____________________________________________________ атынан
(заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________
(өкiлеттi тұлғалардың лауазымы, аты-жөнi)
Қолы  ____________________    2000 ж. "__"______
ҚАБЫЛДАНДЫ:
2000 жыл "___"____________    Қолы _____________
(құжаттарды  қабылдауға
өкiлеттi тендерлiк
комиссия  мүшесiнiң)

85 _________________________________________________

N 2 қосымша
_________________________________________________
_________________________________________________
(тендерге қатысушының толық атауы мен мекен-жайы)
Тендерге қатысуға рұқсат берілгені туралы тендерлік
комиссияның хабарламасы
_________________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________
(объектінің толық атауы мен орналасқан жері)
сенімді басқаруға келісім-шарт жасасу құқығына тендер 2000 жылдың
"__" _________________ сағат ______________ мына мекен-жай бойынша
өтеді: _________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________
Тендерлік комиссияның төрағасы
______________________________
(аты-жөні, қолы)
2000 жыл "___" _______________

86 Мемлекеттiк кәсiпорынды немесе "______________________" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) сенiмдi басқаруға беру туралы

N 3 қосымша
Мемлекеттiк кәсiпорынды немесе "______________________"
акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн
кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) сенiмдi
басқаруға беру туралы
Келiсiм-шарт
Өскемен қаласы 2000 жыл "___"_________
"Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 1999 жылғы 7 қыркүйектегi N 742 шешiмiмен бекiтiлген "Облыстық коммуналдық меншiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы" Ереженiң негiзiнде әрекет ететiн, бұдан әрi "Меншiк иесi" деп аталатын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы атынан оның бастығы Егiзбаев Жұмағали Құмалбекұлы бiр тараптан және Жарғы негiзiнде әрекет ететiн, бұдан әрi "Басқарушы" деп аталатын _______________________________
атынан________________________________ екiншi тараптан осы Келiсiм-шартты жасасты.
Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң өкiлеттi уәкiлiнiң функцияларын жүзеге асыра отырып Меншiк иесi бұдан әрi "Объект" деп аталатын ___________________________ мемлекеттiк кәсiпорнын (акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн) кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) сенiмдi басқаруға бередi. 2000 жылдың "__"____________ аяқталған Объектiнi кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) сенiмдi басқаруға беру тендерiнiң қорытындылары бойынша Басқарушы жеңiмпаз болып танылды. Тендердiң хаттамасы осы Келiсiм-шартқа қоса берiлдi.
Тараптар сенiмдi басқару деп басқарушы өз есебiнен, сондай-ақ заем қаражаттарынан немесе басқа жолмен шоғырландырылған, оның iшiнде қайта инвестицияланған және осы Келiсiм-шарт шарттары негiзiнде салынатын, Объектiнi қаржы-экономикалық сауықтыруға, дамытуға, қайта жаңартуға, технико-технологиялық қайта қаруландыруға; Объектiнiң тұрақты және шығынсыз ағымдағы өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ететiн, даму болашағы бар ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн қолайлы қаржы жағдайын туғызуға бағытталған қаражат есебiнен Басқарушымен белгiленетiн және жүзеге асырылатын iс-әрекеттер және шаралар кешенiн жүзеге асыру мақсатымен Объектiнi пайдалануға берудi түсiнедi.
Осы Келiсiм-шарттың тараптары төмендегi туралы келiстi:

1. Жалпы ережелер

1) Объект _________________ қаласының Әдiлет басқармасында 19___ жылдың "__"__________ тiркелдi, N___, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк осы Келiсiм-шартқа қоса берiлдi.

2) Меншiк иесi Объектiге кепiлдiкке рұқсат берiлмегенiн, сатуға қойылмағанын және үшiншi тұлғалардың басқа құқықтары жүктелмегенiн растайды.

3) Осы Келiсiм-шартқа сәйкес Басқарушы функцияларын ______________ заңды тұлғасы атқарады.

4) Объектiнiң шаруашылық қызметiнiң мемлекеттiк қатысушысы уәкiлiнiң құқықтары мен мiндеттерiн Меншiк иесi тапсырады, ал Басқарушы қабылдап алады. Келiсiм-шартта көрсетiлген жағдайлардан басқа жағдайларда Объектiге меншiк құқығы өзгермейдi.

5) Осы Келiсiм-шарттың шарттары және Келiсiм-шартқа қоса берiлiп отырған Басқарушының Бизнес-жоспары негiзiнде Басқарушыға Объектiнi сенiмдi басқаруға берумен байланысты мемлекеттiк қатысушының өкiлеттiгi берiлдi.

Басқарушыға басқару құқығын беру оған Объектiнi кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) Объектiнi сенiмдi басқаруға беру жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiп бойынша және шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Осы Келiсiм-шарт және Меншiк иесiнiң сенiмхаты Объектiнi сенiмдi басқаруды жүзеге асыру құқығын куәландыратын негiз болып табылады.

2. Тараптардың құқықтары

2.1. Меншiк иесiнiң құқықтары:

1) Басқарушымен жүргiзiлетiн тiкелей келiссөздерде Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң мүддесiн бiлдiру;

2) осы Келiсiм-шартқа Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң атынан қол қою;

3) әр толық қаржы жылы аяқталғаннан кейiн Объектiнiң құжаттарына жоспарлы тексеру жүргiзу;

4) осы Келiсiм-шарт бойынша барлық мiндеттемелердiң және Келiсiм-шартты дамыту мақсатында қабылданған барлық қосымша келiсiмдердiң орындалуына бақылау жасау.

2.2. Басқарушының құқықтары:

1) Осы Келiсiм-шартта көрсетiлген шарттар негiзiнде Объектiнi пайдалану;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Келiсiм-шартпен белгiленген құқықтар шегiнде кез келген заңды әрекет жасау;

3) заңнама талаптарына жауап бермейтiн немесе Объектiнiң қызметiне қайшы келетiн шарттарға, келiсiмдерге және келiсiм-шарттарға тексеру жүргiзу, қайта қарау немесе бұзуды тiкелей Басқарушымен жүргiзу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Объектiнiң қаржы-шаруашылық әрекетiн жүзеге асыру;

5) осы Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi кезiнде барлық шарттар орындалса Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiпте және шарттарда және меншiк иесiнiң келiсiмiмен Объектiнi мерзiмiне дейiн сатып алу (кейiн сатып алу құқығы көзделген жағдайда).

3. Тараптардың мiндеттерi

3.1. Меншiк иесiнiң мiндеттерi:

1) Басқарушыға сенiмдi басқаруға, яғни пайдалануға кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) Объектiнiң мүлкiн беру;

2) осы Келiсiм-шарт бойынша берiлген Объектiнi Келiсiм-шарт қолдануы аяқталғанша Басқарушыға толық көлемде қалдыру;

3) осы Келiсiм-шарттың толық қолдану мерзiмi iшiнде жоғарыда көрсетiлген Басқарушы құқықтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған берiлген құқықтардың бұзылмауына кепiлдiк беру.

3.2. Басқарушының мiндеттерi:

1) Объектiнiң жұмыс бағытын сақтау;

2) 3 жылдан кем емес мерзiмге арналған Объектiнi дамытудың Индикативтiк жоспарын әзiрлеу және ол туралы Меншiк иесiмен келiсу;

3) жұмыстарды жүргiзген кезде үздiк технологияларды қолдану және жұмысқа бiлiктi мамандарды тарту, iшкi рынокты қызметпен және тауарлармен толық қамтамасыз ету;

4) өнiмнiң сапасын және оның бәсекелестiкке жарамдылығын жоғарлату, өндiрiс шығындарын төмендету үшiн қажеттi iс-әрекеттер жасау;

5) осы Келiсiм-шартқа қоса берiлген Бизнес-жоспарға сәйкес сауда, техникалық және әлеуметтiк-экономикалық бағдарламалар кешенiн жүзеге асыру;

6) үнемi әр тоқсан өткен сайын қаржы-шаруашылық және сауда-өндiрiстiк қызметi бойынша осы Келiсiм-шарттың шарттарының орындалу барысы туралы ақпарат беру, Объектiнiң сауда-өндiрiстiк қызметiне байланысты барлық шығыстардың және шығындардың толық және нақты бухгалтерлiк есебiн жүзеге асыру;

7) Меншiк иесiнiң, сондай-ақ қаржы және салық органдарының алғашқы талабы бойынша Объектiнiң қаржысын қалыптастыруға және жұмсауға қатысты барлық есептердi табыс ету;

8) осы Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi iшiнде мейлiнше мүмкiн жұмыс орнын сақтау, жұмыс орындарын қысқарту туралы 2 ай бұрын мемлекеттiк жұмыспен қамту органын хабардар ету, Объект қызметкерлерiн әлеуметтiк кепiлдiкпен қамтамасыз ету, олардың өмiрiн және денсаулығын өндiрiстiк жарақаттардан және өндiрiстегi бақытсыз оқиғалардан сақтандыру;

9) осы Келiсiм-шарттың толық қолдану мерзiмi iшiнде Объектi көрсететiн қызмет және тауар айналымы көлемiн Объектiнi басқаруға беру сәтiне дейiн оның статистикалық және бухгалтерлiк есебiнде көрсетiлген мәлiметтерден кем емес көлемде сақтау;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке салық және басқа аударымдарды уақытылы төлеудi жүргiзу;

11) Объектiнiң айналымдағы қаражатын бизнес-жоспарда белгiленген қажеттi деңгейге дейiн ____________________ мөлшерде толықтыру;

12) Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi iшiнде осы Келiсiм-шартқа қоса берiлген бизнес-жоспарға сәйкес Объектiнiң инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыру;

13) Объектi акцияларының мемлекеттiк пакетiн сенiмдi басқаруға беру сәтiндегi барлық деңгейдегi бюджеттер алдындағы кредиторлық берешектердi, соның iшiнде еңбек ақы бойынша, осы Келiсiм-шартқа қол қойылған күннен бастап 90 күн iшiнде, басқа кредиторлық берешектердi Меншiк иесiмен келiсiлген және осы Келiсiм-шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын берешектердi өтеу кестесiне сәйкес өтеу;

14) төлеу мерзiмi өткен дебиторлық берешектердi қайтару үшiн қажеттi әрекеттер жасау;

15) Басқарушының жедел шаруашылық қызметiмен шарттасылған активтердiң өзгеруiн ескере отырып Объектi мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

16) статистикалық және қаржылық есеп салық органдарымен қабылданып, бекiтiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетiлген тәртiпте акционерлердiң жиналысы арқылы сенiмдi басқаруға берiлген акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтердiң мiндеттi түрде және уақытылы есептелуiн және олардың бюджетке аударылуын қамтамасыз ету;

17) Объектiнiң мүлiктiк кешенiне енетiн әлеуметтiк сала объектiлерiн қаржыландыру және ұстау;

18) Объектiнiң мүлкiн өрттерден, жарылыстардан, зiл-залалардан, табиғи апаттардан сақтандыру;

19) жер қойнауларын, қоршаған ортаны қорғау нормаларын және ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

20) шығарылатын өнiмге (тауар, қызмет) монополияға қарсы реттеуге сәйкес баға деңгейiн белгiлеудi қамтамасыз ету;

21) Объектiнi жұмылдыру қуатына қолдау көрсетудi қамтамасыз ету;

22) Қазақстан Республикасынан шет жерлерге өнiмдердi орта рыноктық баға деңгейiнен төмен емес бағаға өткiзу;

23) тиелiнетiн өнiм құны алдын ала төленген жағдайда әлемдiк стандарттарға сәйкес шегерiм пайызын қамтамасыз ету;

24) осы Келiсiм-шарт бойынша өз мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде Басқарушы кiнәсiмен Объектiге тiкелей шығын келтiрiлген жағдайда, ондай шығынды өз есебiнен өтеу;

25) Басқарушыдағы активтердi, акциялардың пакетiн кепiлдiкке беру туралы Меншiк иесiмен келiсу;

26) Басқару кезiнде Меншiк иесiнiң алдын ала берген жазбаша келiсiмiсiз объектiнiң мүлiктерiн, оның акцияларын, соның iшiнде басқа заңды тұлғаларға салынған салым түрiндегiлердi иелiктен шығару;

27) Контракт күшiне енгеннен кейiн 2 (екi) ай iшiнде Меншiк иесi Басқарушыға акциялардың мемлекеттiк пакетiн берген күнге баланс активтерi мен пассивтерiне түгендеу жүргiзудi қамтамасыз ету;

28) Осы Келiсiм-шарт жасасылғаннан кейiн Объектiнiң қаржы шаруашылық жағдайын бағалау үшiн тәуелсiз аудитор тағайындау. Аудиторлық тексерудiң қорытындылары Меншiк иесiне мәлiмет үшiн табыс етiледi және осы Келiсiм-шартқа қосымша шарттарды және\немесе оның шарттарын өзгерту туралы келiсуге негiз болады.

4. Объектiнi сату

Объектiнi сату туралы шешiм Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Меншiк иесiмен қабылданады.

5. Тараптардың жауапкершiлiгi

1) Осы Келiсiм-шарт шарттары орындалмағанда немесе тиiстi түрде орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

2) Осы Келiсiм-шарт немесе заңнаманың талаптарын және шарттарын тiкелей немесе жасырын түрде бұзатын мәмiлелер жарамсыз деп танылады, ал олардың жасалуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртiптiк, материалдық және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.

3) Осы Келiсiм-шартта көрсетiлген жағдайлардан басқа жағдайларда Басқарушы осы Келiсiм-шарт бойынша өз құқықтарына енгенге дейiнгi Объектiнiң бухгалтерлiк, қаржы-шаруашылық, сауда-өндiрiстiк және басқа қызметiнiң нәтижелерi үшiн жауап бермейдi.

4) Осы Келiсiм-шарт жасасылғанға және Басқарушы активтердi немесе акцияларды басқару құқығына енгенге дейiн Объект атынан жасасылған немесе жүргiзiлген барлық жолдаулар, мәмiлелер, келiсiм-шарттар және басқа құжаттар Басқарушының келiсiмiмен ғана күшi бар деп табылады.

6. Форс-мажор

1) Тежеусiз күш жағдайларының (форс-мажор) салдарынан тараптар мiндеттерiн толық немесе iшiнара орындамаған жағдайда, сондай-ақ осы Келiсiм-шарт бойынша оларды орындауда кiдiрiс болған жағдайда, олар жауапкершiлiктен босатылады.

2) Тежеусiз күш жағдайларына осы Келiсiм-шарт тараптарының бақылау немесе ықпал ету шегiнен шығатын және тараптардың жағдайын нашарлататын кез-келген оқиғалар жатады, сондай-ақ әскери қақтығыстар, табиғат апаттары, зiл-залалар (тасқын, жер сiлкiнуi және т.б.).

3) Форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда зәбiрленушi тарап дереу жазбаша түрде оқиғаның басталған күнiн көрсетiп және форс-мажорлық оқиғаны сипаттап бұл туралы екiншi тарапқа хабарлама бередi. Тараптар бiрлесiп осы жағдайлардың салдарын мейлiнше жеңiлдету үшiн барлық қолдан келетiн шараларды қолданады.

4) Осы Келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi форс-мажорлық жағдайлар болған мерзiмге шегерiледi.

5) Егер көрсетiлген жағдайлар 6 айдан аса мерзiмге созылса, әр тарап осы Келiсiм-шарт бойынша келешекте мiндеттемелерiн орындаудан бас тартуға құқылы, және осы жағдайда тараптардың ешқайсысының екiншi тараптан келтiрiлген шығын орнын өтеудi, айып төлеудi талап етуге құқығы жоқ.

7. Құпиялық

1) Тараптар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия сақтауға қатысты барлық құжаттар, ақпараттық есептер бойынша құпия сақтау мерзiмiн және шектерiн белгiлейдi.

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық келісiмдерiнде белгiленген жағдайлардан басқа тараптардың ешқайсысы екiншi тараптың жазбаша келiсiмiсiз құпиялықтың қолдану мерзiмi iшiнде үшiншi тарапқа осы Келiсiм-шарттың мазмұнын немесе құпиялы деп саналатын басқа ақпаратты жариялауға құқығы жоқ.

3) Осы Келiсiм-шарт тараптары екiншi тараптың келiсiмiсiз Келiсiм-шартты орындауға байланысты бiр-бiрiнен алған ақпаратты үшiншi тарапқа жарияламауға мiндеттенедi. Басқарушы басқа ақпарат көзiнен алған жалпыға ортақ ақпаратқа, сондай-ақ заң бойынша жариялануға тиiс немесе құзыреттi органдар мен ұйымдарға берiлуге тиiс ақпаратқа бұл ереженiң қатысы жоқ. Жоғарыда көрсетiлген мiндеттемелердiң осы Келiсiм-шарттың қолдануы тоқтатылғаннан кейiн 3 жыл iшiнде күшi бар және олар Тараптар қызметкерлерi мен кеңесшiлерiне де қатысты.

8. Дауларды шешу

1) Осы Келiсiм-шартпен реттелмеген басқа мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын және Қазақстан Республикасының аумағында қолданып жүрген құқылы мәртебесi бар халықаралық келiсiмдер нормасын басшылыққа алады.

2) Келiсiм-шарт бойынша Объектi акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқару құқығын беру кезiнде туған даулар тараптардың өзара келiсiмi бойынша шешiледi. Заңда белгiленген мерзiм iшiнде дауларды шешу мүмкiн болмаған жағдайда құжаттар соттың қарауына берiледi.

9. Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi

1) Осы Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi _____ жыл.

2) Келiсiм-шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және 2000 жылдың "__"_____________ аяқталады.

3) Келiсiм-шарт жазбаша түрде кез-келген мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, егер тараптар осындай ұзартуды қажет деп санаса және ол туралы өзара келiссе.

4) Осы Келiсiм-шарт қолдануы аяқталған соң ол бойынша iс жүзiндегi қатынас тараптардың барлық мүлiктiк мiндеттемелерi реттелгеннен кейiн тоқтатылады, осы туралы олар тиiстi актiге қол қояды.

10. Келiсiм-шарт қолдануын тоқтату шарттары

10.1. Осы Келiсiм-шарт келесi себептердiң бiрi бойынша қолдануын тоқтатады:

1) оның қолдануы тараптардың келiсiмiмен ұзартылмаса қолдану мерзiмi өткен жағдайда;

2) тараптардың бiреуi Келiсiм-шарт шарттарын орындамаған немесе дөрекi бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес тежеусiз күш жағдайлары (форс-мажор) оқиғаларымен байланысты жағдайлардан басқа;

3) Басқарушы инвестициялық бағдарламаны орындамаған немесе бұзған жағдайда;

4) Басқарушы Қазақстан Республикасының экономикасына залал келтiретiн саясатты жүзеге асырған жағдайда;

5) тараптардың бiреуi екiншi тараптың келiсiмiсiз өз мүддесiнiң кез келген бөлiгiн үшiншi тарапқа табыс етедi;

6) Соттың тиiстi шешiмi негiзiнде.

10.2. Басқарушы өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда Меншiк иесi белгiленген мерзiм iшiнде, бiрақ 20 күнтiзбелiк күннен артық емес анықталған бұзушылықтарды жою қажеттiлiгi туралы хабарлама жiбередi. Осы жағдайда Меншiк иесi Келiсiм-шартты бiр жақты түрде бұзуға құқылы.

10.3. Осы Келiсiм-шарттың 10.2. тармағында көзделмеген негiздерде Келiсiм-шарт мерзiмiне дейiн бұзылған жағдайда кiнәлi тарап екiншi тараптан барлық расталған тiкелей шығындардың, соның iшiнде келiсiм-шартты бұзу салдарынан болған материалдық шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.

10.4. Талаптардың барлық мүлiктiк талап-арыздарды реттелiп ол туралы тараптар Акт жасағаннан кейiн осы Келiсiм-шарт бойынша қатынастар тоқтатылады.

10.5. Тараптар осы Келiсiм-шартты өзара келiсiмi бойынша бұзуға құқылы.

11. Ерекше шарттар

1) Меншiк иесi және Басқарушы өзара келiсiп, қолданып жүрген тәртiпке сәйкес осы Келiсiм-шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге, сондай-ақ осы Келiсiм-шартты жүзеге асырумен байланысты қажеттi келiсiмдер жасасуға құқылы.

2) Осы Келiсiм-шартқа қосымшалар мен толықтыруларға тараптардың өкiлеттi уәкiлдерi қол қоюға тиiс. Осы Келiсiм-шарт мәтiндерiнiң мағынасы мен құрамы бiр-бiрiне сәйкес келмеген жағдайда соңғы күнмен белгiленген құжаттың заңды күшi бар.

3) Осы Келiсiм-шартқа кез келген өзгертулер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалып, оған өкiлеттi лауазымды тұлғалар қол қойған жағдайда ғана жарамды.

4) Келiсiм-шарт 3 данада жасалады, оның екеуi орыс тiлiнде және бiреуi мемлекеттiк тiлде, олардың бiрдей заң күшi бар, екеуi Меншiк иесiнде және бiреуi Басқарушыда сақталады.

5) Осы Келiсiм-шартқа қоса берiлген құжаттар Келiсiм-шарттың толық қолдану кезеңi өткенше сақталады.

12. Тараптардың орналасқан жерi және деректемелерi

Меншiк иесi:                                    Басқарушы:
Шығыс Қазақстан облысының
Коммуналдық меншiк басқармасы
492000 Өскемен қаласы, М.Горький
көшесi,61
РНН 181600062858,
е/ш.121132201, к/ш 000161903
МФО 190901003 ШҚ облыстық
Қазынашылық басқармасында

13. Тараптардың қолдары

Коммуналдық меншiк
басқармасының бастығы
_____________ Ж.Егiзбаев
2000 жыл "__"__________          _________________