Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 111/3
- Қабылданған күні
- 06.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2011 AI58642_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PH000108
- ЭКБ идентификаторы
- 58642
- Редакция идентификаторы
- AI58642_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:38
0 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындык көретін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін меншік нысанына қарамастан Качир ауданының ұйымдары мен кәсіпорындарында жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2 2. Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі қосымшаға сәйкес (келісім бойынша) бекітілсін.
3 3. "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушіге тиісті жолдама беру арқылы квоталандырылған жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі
Качир ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 6 сәуірдегі
№ 111/3 қаулысына
қосымша
Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі
№ р/с
Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі
1.
"Качир ауданының орталық кітапханалық жүйесі" ММ
2.
"Качир № 11 кәсіптік лицейі" ММ
3.
"Жануарлар әлемі және орманды қорғау жөніндегі М. Горький мекемесі" ММ
4.
"Казахавтодор" РМК-ның ДЭУ-74 Павлодар облыстық филиалы
5.
"Качир аудандық мәдениет үйі" МҚКК
6.
"Песчан асыл тұқымды орталығы" ЖШС
7.
"Тереңкөл-Су" МҚК
8.
"Ивановское" ЖШС
9.
"Сарсенбинов" ШҚ
10.
"Гладковский" ШҚ
11.
"Дидар" ЖШС
12.
"Покровка" ЖШС
13.
"Вильгельм" ШҚ
14.
"Илларбек"ШҚ
15.
"Зуенко" ШҚ
16.
"Песчан механикалық-жөндеу зауыты" ЖШС
17.
"Качир орталық аудандық ауруханасы" КМҚК
18.
"Бостекпаев" ШҚ
19.
"А.Н. Елгин атындағы Качир № 1 жалпы білім беретін орта мектебі" ММ
20.
" А.С. Текенов атындағы Качир № 2 жалпы білім беретін орта мектебі" ММ
21.
"Қ. Оспанова атындағы Качир № 3 жалпы білім беретін орта мектебі" ММ