Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 110/3 · қабылданған 06.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58643/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 110/3 ·06.04.2011
06.04.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 110/3 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
110/3
Қабылданған күні
06.04.2011
Көрсетілген редакция
06.04.2011 AI58643_0.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11PH000109
ЭКБ идентификаторы
58643
Редакция идентификаторы
AI58643_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:38

0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1-тармақшасына сәйкес, әлеуметтік қорғауды аса қажет ететін және жұмыс іздеуде қиындық көретін мүгедектерге қосымша кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Меншік нысанына қарамастан Качир ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында (келісім бойынша) жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2 2. Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Қаулыны қабылдау уақытына ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс істейтін мүгедектер бекітілген квотаға енгізілген деп есептелсін.

4 4. "Качир ауданының жұмспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен мұқтаж мүгедектерді квоталандырылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі

Качир ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 6 сәуірдегі
№ 110/3 қаулысына
қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
белгіленген кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі
№ р\с
Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі
Жұмыс орындарының жалпы саны
Жұмыс орындары жалпы санының 3% квотасы
1.
Качир ауданының орталық кітапханалық жүйесі
25
1
2.
"Балалық жастар спорттық мектебі" КМҚК
37
1
3.
"Качир № 11 кәсіптік лицейі" ММ
65
2
4.
"Качир аудандық орталық  ауруханасы" КМҚК
166
5
5.
"Качирдың туберкулезге қарсы ауруханасы" ММ
41
1
6.
"Качир аудандық мәдениет Үйі" МҚК
84
2
7.
"А.Н. Елгин атындағы Качир № 1 жалпы білім беретін орта мектебі" ММ
95
3
8.
"Сарсенбинов" ШҚ
25
1
9.
"А.С. Текенов атындағы Качир № 2 жалпы білім беретін орта мектебі" ММ
99
3
10.
"Ивановское" ЖШС
132
4
11.
"Племцентр "Песчанский" ЖШС
37
1
12.
"Качирский ПДУ" ЖШС фирмасы
20
1
13.
"Қ. Оспанова атындағы Качир № 3 жалпы білім беретін орта мектебі" ММ
75
2
14.
"Теренколь-Су" МҚК
24
1
БАРЛЫҒЫ:
925
28

Қолданыстағы