Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 63
- Қабылданған күні
- 07.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2016 58660_89425.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11CJ000147
- ЭКБ идентификаторы
- 58660
- Редакция идентификаторы
- 58660_89425
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:37
0 Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Темір ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір ауданының жұмыс берушілері жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай – ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Қ. Бакиев) өтініш жасаған қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жолдама бойынша жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.