Об организации профессиональной молодежной практики для безработной молодежи города Каражал
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации профессиональной молодежной практики для безработной молодежи города Каражал
- Атауы (қаз.)
- Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 59
- Қабылданған күні
- 06.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2012 58664_172776.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KE000109
- ЭКБ идентификаторы
- 58664
- Редакция идентификаторы
- 58664_172776
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:38
0 Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қаражал қалалық Мәслихатының XXXIV сессиясының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 300 "2011-2013 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне N 8-5-105 болып тіркелген, жұмыссыз азаматтардың жоғарғы және арнаулы орта кәсіби оқу орындарының түлектерінің жұмысқа орналасу, іс жүзіндегі тәжірибе, білім және бейімділіктер алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Гармашова):
1 1) жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген жоғары оқу орындардың, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасында жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
2 2) жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыруға арналған шарттар жасасын;
3 3) жастар тәжірибесіне қабылданған тұлғалар үшін ай сайын төленетін ақы қалалық бюджеттен бөлінген қаржылардың есебінен 26000 теңге мөлшерінде, алты айдан аспайтын мерзімге белгіленсін.
2
2. Қаражал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 33 "Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қаражал қаласы әділет басқармасында 2010 жылы 12 мамырда тіркелген тіркеу нөмірі 8-5-93, 2010 жылғы 22 мамырдағы "Қазыналы өңір" газетінің N 20 жарияланған).