Об установлении ветеринарного режима на зимовке Абакан Сарыоленского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима на зимовке Абакан Сарыоленского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Сарыөлең ауылдық округінің Абақан қыстағына ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2009
- Қабылданған күні
- 11.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2011 AI58674_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VN000126
- ЭКБ идентификаторы
- 58674
- Редакция идентификаторы
- AI58674_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:35
0 Сарыөлең ауылдық округінің Абақан қыстағына ветеринариялық режим белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сарыөлең ауылдық округінің Абақан қыстағындағы ірі-қара малдарының арасынан құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2 2. Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (келісім бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыру және қадағалау ұсынылсын.
3
3. Сарыөлең ауылдық округінің әкіміне шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерін сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
5 5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
ҚРДСММСЭҚК ШҚО департаментінің
Күршім ауданы бойынша
басқармасының бастығы
Қ. Төлеуғазин
11.04.2011 ж.