О состоянии подготовки в области к весенне-полевым работам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О состоянии подготовки в области к весенне-полевым работам
- Атауы (қаз.)
- Облыстың көктемгі- далалық жұмыстарына әзірлік жағдайы туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-2
- Қабылданған күні
- 24.03.2000
- Көрсетілген редакция
- 24.03.2000 5869_248249.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.03.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00Z0000272
- ЭКБ идентификаторы
- 5869
- Редакция идентификаторы
- 5869_248249
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:34
0 Облыстың көктемгі- далалық жұмыстарына әзірлік жағдайы туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен.
Облыстық ауыл шаруашылығ департаментi бастығының орынбасары С.Ғ.Нұрғалиевтiң «Облыстың көктемгi – далалық жұмыстарға әзірлігі туралы» хабарламасын тыңдап, облыстық мәслихаттың сессиясы облысымызда көктемгi - далалық жұмыстарына әзiрлiгi жөнiнде бiрнеше жұмыстар атқарылғанын атап өттi.
1999 жылдың қуаңшылығына қарамастан ауыл тауар өндiрiсшiлерi 9,7 мың тонна дәндi- дақылдар тұқымын құйып, күзден берi 114 мың га. сүдiгер әзiрлеп, 6,6 мың га. қысқы дәндi- дақыл сеуiп, 5802 (70%) трактор, (68%) сепкiш, 1178 (76%) қопсытқыштар, 34100 (80%) тырмаларды жөндеуден өткiздi. Қазiргi кезде Қазақстанның басқа да облыстарынан дәндә- дақылдар тұқымын әкелу мәселесi шешiлуде.
Дей тұрғанмен жергiлiктi орындарда ауыл тауар өндiрiсшiлерi тұқым мен жану- жағармаймен қамтамасыз ету ынтасы байқалмай отыр.
Облыс бойынша жащдық дақыл тұқымдарымен қамтамасыз ету 19, соның iшiнде: Зеленов –15%, Тасқала- 9%, Теректi- 13%, Шыңғырлау- 27% құрап отыр.
Облыста 48 машина- технологиялық станциялары құрылғанына қарамастан ауылшаруашылық техникасын жөндеу қарқыны төмен деңгейде болып келедi, әсiресе: Ақжайық, Зеленов, Сырым аудандарында.
Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыста көктемгi- далалық жұмысқа әзiрлiк жөнiндегi облыстық ауылшаруашылық департаментi бастығының орынбасары С.Ғ. Нұрғалиевтiң хабарламасы қатерге алынсын.
2. Шаруашылық субъектiлерi мен арнайы жер қорында шегiрткемен күрес шараларын жүргiзуде жану- жағармайларын алу үшiн жергiлiктi бюджет арқылы облыс әкiмшiлiгiнен 8,5 млн. тенге қаржы бөлінуi қаралсын.
Келісілген: Келісілген:
Облыс әкімінің орынбасары Облыс ауылшаруашылық
Департаменті бастығының орынбасары
В. Алексеев С. Нұрғалиев