Об установлении ограничения и введения карантинного режима в селе Бидайык Бидайыкского сельского округа Аягозского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничения и введения карантинного режима в селе Бидайык Бидайыкского сельского округа Аягозского района
- Атауы (қаз.)
- Аягөз ауданының Бидайық ауылдық округінің Бидайық ауылына карантин режимін енгізу және шектеу қою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 484
- Қабылданған күні
- 11.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2011 AI58709_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VF000135
- ЭКБ идентификаторы
- 58709
- Редакция идентификаторы
- AI58709_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:36
0 Аягөз ауданының Бидайық ауылдық округінің Бидайық ауылына карантин режимін енгізу және шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бидайық ауылдық округінің Бидайық ауылында ірі қара малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бидайық ауылдық округінің Бидайық ауылында ірі қара малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес карантин режимін енгізе отырып, шектеу қойылсын.
2
2. Аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторына (А. Муканов, келісім бойынша), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (М. Будукова, келісім бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданының әкімінің орынбасары М. Төлегеновке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Аягөз аудандық аумақтық
ауыл шаруашылық инспекциясының
мемлекеттік ветеринарлық-
санитарлық бас инспекторы
А. Муканов
11.04. 2011 ж.
Аягөз аудандық санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы
М. Будукова
11.04.2011 ж.