О создании социальных рабочих мест и финансировании
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании социальных рабочих мест и финансировании
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 103
- Қабылданған күні
- 26.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2012 58766_184476.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11CD000113
- ЭКБ идентификаторы
- 58766
- Редакция идентификаторы
- 58766_184476
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:29
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының, 7 бабының 5-4) тармақшасының, 9 және 18-1 баптарының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып Байғанин ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық (селолық) округтер бойынша нысаналы топтарға жататын азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында оларда ашылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген әр адамға жергілікті бюджеттен айлық аударымдар мөлшері 26000 теңгені құрайды.
3 3. «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Ш. Спанова) қосымшаға сай әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға тапсырыс берушілермен шартқа отырып, нысаналы әлеуметтік топтарға жататын азаматтарға жолдама беруді ұйымдастырсын.
4 4. «Байғанин аудандық қаржы бөлімі» ММ (Б. Боранбай) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырсын.
5 5. «Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы» Байғанин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 21 қаулысының (нормативтік құқықтық келісімдері мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-4-93 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 наурыздағы № 12 «Жем-Сағыз» газетіне жарияланған) күші жойылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Аманғосқа жүктелсін.
7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 26 сәуірдегі
№ 103 қаулысына
ҚОСЫМША
Селолық (ауылдық) округтерде әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі
Р/с
Селолық (ауылдық) округ атаулары
Жұмыс орындарының саны
1
Ащы селолық округі
6
2
Көлтабан селолық округі
7
3
Қопа селолық округі
7
4
Сартоғай селолық округі
6
5
Жаңажол селолық округі
6
6
Жарқамыс селолық округі
6
7
Қызылбұлақ селолық округі
6
8
Миялы селолық округі
6
9
Қарауылкелді ауылдық округі
100
Барлығы
150