Об установлении квоты рабочих мест для лиц определенных категорий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц определенных категорий
- Атауы (қаз.)
- Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 102
- Қабылданған күні
- 26.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2015 AI58767_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11CD000114
- ЭКБ идентификаторы
- 58767
- Редакция идентификаторы
- AI58767_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:29
0 Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Белгілі санаттардағы (қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 0,3 пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2
2. Белгілі санаттардағы (қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тіркелген мекен-жайына қарай жұмысқа орналастыруға ықпал ету, ауылдық округ әкімдеріне жүктелсін.
3 3. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі:
Б. Кемешов