Об установлении квоты рабочих мест для лиц определенных категорий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц определенных категорий
- Атауы (қаз.)
- Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 102
- Қабылданған күні
- 26.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2015 AI58767_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11CD000114
- ЭКБ идентификаторы
- 58767
- Редакция идентификаторы
- AI58767_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:29
0 Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгілі санаттардағы (қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 0,3 пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Белгілі санаттардағы (қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тіркелген мекен-жайына қарай жұмысқа орналастыруға ықпал ету, ауылдық округ әкімдеріне жүктелсін.
3. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі:
Б. Кемешов