О дополнительных мерах по материальной поддержке пенсионеров
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительных мерах по материальной поддержке пенсионеров
- Атауы (қаз.)
- Зейнеткерлердi материалдық жағынан қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 591
- Қабылданған күні
- 11.07.1993
- Көрсетілген редакция
- 11.07.1996 AI588_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.1996
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P930000591_
- ЭКБ идентификаторы
- 588
- Редакция идентификаторы
- AI588_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:44
0 Зейнеткерлердi материалдық жағынан қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 12.07.1996 № 899 қаулысымен.
Негiзгi азық-түлiктiң бағасы үздiксiз өсiп отырған жағдайда зейнеткерлерге материалдық жағынан қосымша қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "1993 жылы зейнетақыны арттыру мен индекстеу туралы" 1993 жылғы 22 сәуiрдегi N 325 қаулысымен белгiленген зейнетақыларды одан әрi арттыру жүзеге асырылғанға дейiн 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап, жұмыс iстемейтiн зейнеткерлердiң алатын зейнетақыларына ай сайын қосымша мынадай үстеме ақы жасау қамтамасыз етiлсiн:
жасына байланысты толық еңбек зейнетақысын және мүгедектiгiне байланысты, еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақы алатындарға, сондай-ақ мүгедектiгiне байланысты зейнетақы алатын мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне - 7000 сом;
еңбек стажы толық емес жағдайда зейнетақы алатындарға; сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алатындарға - 5600 сом;
әлеуметтiк зейнетақы алатындарға - айына 4200 сом.