Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
- Атауы (қаз.)
- Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 10.05.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2012 58823_192381.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11N0003761
- ЭКБ идентификаторы
- 58823
- Редакция идентификаторы
- 58823_192381
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:24
0 Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 6-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі бекітілсін.
2 2. Қоса берілген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша 1 гектарға арналған субсидиялардың нормалары бекітілсін.
3 3. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялар көлемін бөлсін және аудандарға жеткізсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығының министрі
______________ А. Маметбеков
"Қостанай облысы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы басқармасы"
ММ бастығының міндетін атқарушы
______________ А. Балғарин
5 Әкімдіктің
2011 жылғы 10 мамырдағы
№ 206 қаулысымен бекітілген
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының
тізбесі
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының
атауы
1.
Жаздық бидай
2.
Күздік бидай
3.
Күздік қара бидай
4.
Қарақұмық
5.
Тары
6.
Арпа
7.
Сұлы
8.
Бұршақтұқымдастар
9.
Майлы дақылдар
10.
Картоп
11.
Көкөніс және бақша дақылдары
12.
Жемшөптік (өткен жылдарындағы көпжылдық
шөптерден басқа)
13.
Бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер
14.
Жүгері мен сүрлемдік күнбағыс
6 Әкімдіктің
2011 жылғы 10 мамырдағы
№ 206 қаулысымен бекітілген
Басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша
1 гектарға арналған субсидиялардың нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
1 гектарға арналған
бюджеттік субсидиялардың
нормалары, теңге
1.
Дәнді
500 (агротехнология
деңгейінен тәуелді емес)
700 (өңірлік ғылыми
негізделген
агротехнологияларды сақтай
отырып егілетін)
2.
Бұршақтұқымдастар
500
3.
Майлы дақылдар
3500
4.
Картоп
28500
5.
Көкөніс және бақша дақылдары
30000 (агротехнология
деңгейінен тәуелді емес)
90000 (өнеркәсіптік
үлгідегі тамшылатып суару
жүйелерін қолдана отырып
егілетін)
6.
Жемшөптік (өткен
жылдарындағы көпжылдық
шөптерден басқа)
800
7.
Бірінші, екінші және үшінші
өсіру жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық
шөптер
800
8.
Жүгері мен сүрлемдік
күнбағыс
800