Құжат мәтініне өту

Об определении порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп на территории Есильского района

Қаулы · № 96 · қабылданған 25.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58842/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп на территории Есильского района Күшін жойған Қаулы ·№ 96 ·25.04.2011
24.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп на территории Есильского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 96 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп на территории Есильского района
Атауы (қаз.)
Есіл ауданының аумағында нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
96
Қабылданған күні
25.04.2011
Көрсетілген редакция
24.10.2011 58842_185925.kaz
Соңғы өзгеріс
24.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11SF000168
ЭКБ идентификаторы
58842
Редакция идентификаторы
58842_185925
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:30

0 Есіл ауданының аумағында нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 18-1-бабы 4-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес Есіл ауданының аумағында нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі анықталсын.

2

2. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін жүзеге асырсын.

3 3. Уәкілетті органға халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін келісімдерді жасау жүктелсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Бектасоваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Аудан әкімдігінің

2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 96 қаулысына
қосымша
Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

1

1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қалауын білдірген жұмыс беруші Уәкілетті органға ашылатын әлеуметтік жұмыс орындарының санын, өтінімді берудің мерзіміне соңғы айда төлемдер бойынша берешектің жоқтығы жөніндегі салық комитетінен анықтаманы қосып, еңбек төлеу мөлшерін белгілеп, еркін нысанда өтінім береді.

2

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу барысында Уәкілетті орган келесі талаптарды есепке алады: бюджетке төлемдер бойынша берешектің болмауы, жұмыс беруші ұсынатын жалақы мөлшері, уәкілетті органмен жасалған келісім-шарттың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсынудың мүмкіндігі.

3

3. Іріктеуден өткен жұмыс беруші өтінім берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға келісім-шарт жасайды. Келісім-шартта тараптардың міндеттері, жұмыс түрлері, жұмыс көлемі, еңбекті төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және мерзімдері, жолданатын жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша болып табылады және оны ұйымдастыруға тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

4 4. Нысаналы топтағы халықтың санынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрғызу үшін жолдауды Уәкілетті орган жұмыссыздардың келісімімен келісім-шарт жасаған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

5 5. Жұмыс беруші жолданған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдап, онымен еңбек шартын жасайды, қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыспен қамтылу мерзімі келісім-шартпен анықталады.

6

6. Жұмыс берушілер бюджет қаражатынан еңбекті төлеу бойынша шығындарды өтеу үшін ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-і күніне дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте: жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытын есепке алу табелі мен атқарылған жұмыстардың актісін ұсынады.

7 7. Осы нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

Қолданыстағы