Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам представления отчетности банками второго уровня и ипотечными организациями

Қаулы · № 28 · қабылданған 11.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58846/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам представления отчетности банками второго уровня и ипотечными организациями Күшін жойған Қаулы ·№ 28 ·11.03.2011
01.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам представления отчетности банками второго уровня и ипотечными организациями

Күшін жойған Қаулы ·№ 28 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам представления отчетности банками второго уровня и ипотечными организациями
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың есеп беру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28
Қабылданған күні
11.03.2011
Көрсетілген редакция
01.07.2015 AI58846_6.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006906
ЭКБ идентификаторы
58846
Редакция идентификаторы
AI58846_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:55

0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың есеп беру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың ұсынатын есеп нысандарын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 147қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 2. Агенттік Басқармасының «Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4157 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесінде:
1-қосымшадағы:
«Активтердің, міндеттемелердің және меншікті капиталдың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» деген 1-кестеде:
1106-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1150-шоттар тобымен толықтырылсын:
«
1150
Ай­на­лым­ға түспей тұ­рып ұлт­тық ва­лю­та­да­ғы банк­нот­тар
»;
1264-шоттың атауындағы «және ипотекалық ұйымның» деген сөздер «ипотекалық ұйымның және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1459-шоттың атауында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1604-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1610-шоттар тобымен толықтырылсын:
«
1610
Са­ту­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер
»;
1728-шоттың атауындағы «және ипотекалық ұйымның» деген сөздер «ипотекалық ұйымның және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1857-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
1857
Кей­ін­ге қал­ды­ры­л­ған са­лық ак­тив­те­рі
»;
2153-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2200-шоттар тобымен толықтырылсын:
«
2200
Кли­ент­тер ал­дын­да­ғы мін­дет­те­ме­лер
»;
2820-шоттың атауы «есептелген» деген сөзден кейін «комиссиялық» деген сөзбен толықтырылсын;
2857-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
2857
Кей­ін­ге қал­ды­ры­л­ған са­лық мін­дет­те­ме­ле­рі
»;
3200-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
3200
Жал­пы банк­тік тәу­е­кел­дер­ге ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар)
»;
3200-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 3300-шоттар тобымен және 3300-шотпен толықтырылсын:
«
3300
Ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) тү­зе­ту­дің шо­ты
3300
Ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) тү­зе­ту­дің шо­ты
»;
«Баланс шоттарындағы кірістер мен шығыстардың қалдықтары туралы есеп» деген 2-кестеде:
5153-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5200-шоттар тобымен толықтырылсын:
«
5200
Кли­ент­тер­дің та­лап­та­ры бой­ын­ша сый­а­қы тө­ле­умен бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар
»;
«
5592
Спот опе­ра­ци­я­ла­рын қай­та ба­ға­ла­удан болған жұм­сал­ма­ған шы­ғыс
»;
деген шоттың нөмірі мен атауы алып тасталсын;
5760-шоттар тобының атауында:
«, алымдар» деген сөз алып тасталсын;
«Табыс» деген сөз «Корпоративтік табыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
5768-шоттың атауынан «, алымдар» деген сөздер алып тасталсын;
5999-шоттар тобының және 5999-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
5999
Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы
5999
Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы
»;
4265-шоттың атауындағы «және ипотекалық ұйымның» деген сөздер «ипотекалық ұйымның және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4570-шоттың атауындағы «Шетел валютасындағы» деген сөздер «Шетел валютасы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«
4592
Спот опе­ра­ци­я­ла­рын қай­та ба­ға­ла­удан жұм­сал­ма­ған кі­ріс
»;
деген шоттың нөмірі мен атауы алып тасталсын;
«Меморандумның баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» деген 4-кестеде:
7250-шоттың атауында «Қамтамасыз» деген сөз «Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
7600-шоттар тобының атауында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

3 3. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

4 4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» және «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жеткізсін.

5 5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2011 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде:

1 1) Екінші деңгейдегі банктердің есеп-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;

2 2) «Банктік емес ұйымдар» модулін пысықтауды қамтамасыз етсін.

6 6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Қолданыстағы