Құжат мәтініне өту

Об установлении размера арендной платы, взимаемой в государственных арендных домах

Қаулы · № А-3/178 · қабылданған 15.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58856/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении размера арендной платы, взимаемой в государственных арендных домах Күшін жойған Қаулы ·№ А-3/178 ·15.04.2011
09.11.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера арендной платы, взимаемой в государственных арендных домах

Күшін жойған Қаулы ·№ А-3/178 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера арендной платы, взимаемой в государственных арендных домах
Атауы (қаз.)
Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлерге төленетін жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-3/178
Қабылданған күні
15.04.2011
Көрсетілген редакция
09.11.2011 58856_194915.kaz
Соңғы өзгеріс
09.11.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11BS000200
ЭКБ идентификаторы
58856
Редакция идентификаторы
58856_194915
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:33

0 Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлерге төленетін жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуір «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген жалға берілетін мемлекеттік үйлерден алынатын жалдау ақысын есептеу әдістемесінің негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бурабай ауданының жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлердегі төленетін жалдау ақы мөлшерінің көлемі 1 шаршы метрге жалға алу төлемінің есебінен қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.С.Каменовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Бурабай ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Бурабай ауданы әкімдігінің

2011 жылғы 15 сәуірдегі
№ а-3/178 қаулысына қосымша
Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлердегі
шаршы метрге төленетін жалдау ақысының мөлшері
Жалға алынған мемлекеттік үйлерге алынатын жалдау ақысын есептеу кезінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
А-мемлекеттік жалға алу үйлері үшін алынатын жалдау төлемі, айына 1 шаршы метр үшін, теңге;
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің мемлекеттік қабылдау актісіне сәйкес ауданының бір шаршы метрі құрылысының (сатып алудың) құны;
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөндеуіне, сол сияқты жер учаскесін күтуіне:
Р= Гз /12/ Sп формуласы бойынша анықталатын қажетті көлемінің сомасы, айына 1 шаршы метр үшін теңге;
Гз -жер теліміне жергілікті атқарушы органмен (мемлекеттік кәсіпорынмен) тартылған немесе құрылған тұрғын үй-пайдалану қызметінің шығынының жылдық сметасы, пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесінің күтіміне қажетті көлемінің жылдық сомасы, жылына теңге;
Sп - тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы, шаршы метр;
Мемлекеттік жалға алу үйлерінде алынатын айына 1 шаршы метрге жалдау ақысы келесі формула бойынша есептеледі:
А = Ц/Т/12 + Р
Мысалы, Ц-56 515 теңге, Т=125 жыл, Р=25,32 теңге болған кезінде жалдау ақы айына 1 шаршы метрге: А = 56515/ 125/12 + 25,32 = 62,9 теңге құрайды.
Жалпы көлемі 40 шаршы метр 1 пәтердің жалдау ақысының төлемі айына
62,9* 40=2516 теңгені құрайды.

Қолданыстағы