Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатырған мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 31.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2011 58858_115591.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NK000118
- ЭКБ идентификаторы
- 58858
- Редакция идентификаторы
- 58858_115591
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:42
0 Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатырған мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" (нормативтік-құқтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3617 болып тіркелінген) қаулысына, Қамысты аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 255 "Қамысты ауданының 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" (нормативтік-құқтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-11-111 болып тіркелінген) шешімінің негізінде, "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қамысты ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатырған мүгедек-балаларға сегіз айлық есептік көрсеткіш көлемінде жергілікті бюджеттен ай сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2 2. "Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып (бұдан әрі-уәкілетті орган) анықталсын.
3 3. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банкілер арқылы немесе банкілік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банкалық шотына ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылады.
4 4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру осы мақсаттарға бюджетпен қарастырылған сомалар шегінде "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамту" бюджеттік бағдарламалар бойынша жүргізілсін, төлем ай сайын оқу кезеңінде жүргізілсін.
5
5. Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» (нормативтік-құқтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3617 болып тіркелінген) қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, әлеуметтік көмек уәкілетті органға өтінішпен келген айдан бастап тағайындалады деп анықталсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Асқар Жақанұлы Жақсыбаевқа жүктелсiн.
7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап іс-әрекет етеді.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қамысты ауданының
қаржы бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы
__________ Әлпаева С.Ж.
"Қамысты аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің бастығы
__________ Иванченко Л.П.